«Ғасырлар мұрасы»

19 наурыз күні №3 көпшілік кітапханасында көктемгі Наурыз мерекесін тойлау аясында «Ғасырлар мұрасы» атты тақырыптық сағат өтті. Іс-шараның мақсаты – Қазақстан аумағында өмір сүретін халықтардың мәдени және рухани дәстүрлерімен таныстыру, ұлтаралық келісімді нығайту. Іс-шара барысында ұлттық әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер, қолөнер, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан халық ауыз әдебиеті туралы мазмұнды ақпарат берілді. Әңгіме слайдтар мен деректі фильмдерден үзінділер көрсету арқылы сүйемелденді. Олар қазақтың киіз үйі, дәстүрлі киімі, музыкасы, билері және ұлттық тағамдары туралы болды. «Наурыз — бейбітшілік пен мейірім мерекесі» атты тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Онда этнографияға арналған кітаптар, қазақ фольклоры жинақтары, ертегілер, поэзия, сондай-ақ наурыз-көже, бауырсақ, қазы сынды ұлттық тағамдардың дайындалу жолдары көрсетілген аспаздық басылымдар қойылды. Іс-шара дәстүрлі тағамдар ұсынылған достық шәйімен аяқталды. Қатысушылар ұлттық тағамдардан дәм татып, әсерлерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Комментарии запрещены.