«Ғарыш әлеміне саяхат»

«Жыл – он екі ай оқы» жобасы аясында Ғарышкерлер күні қарсанында 10 сәуірде № 43 орта мектептің 3 сынып оқушыларына «Ғарыш әлеміне саяхат» ақпараттық ойыны өткізілді. Кітапханашылар әлемнің тұңғыш ғарышкері Ю.Гагарин, Қазақстанның ғарышкерлері: Т. Әубәкіров, Т. Мұсабаев және А. Айымбетов туралы әңгімеледі. Балалар күннің , жұлдыздардың не екенін және Күннің айналасында қандай планеталар айналатынын білді. Балалар өздері ғарышқа бірінші болып қандай жануарлар ұшқанын айтты. Әрі қарай, екі командаға бөлініп, қыздар мен ұлдар «ғарышқа» аттанды. Олар зымыран пазлдарын жинады, ғарыштық жұмбақтарды шешті, ғарышкерлерден «жеделхаттарды» талқылады, «салмақсыз» күйде болды, «басқа планеталық» пантомималарды, ғарышкерді сипаттайтын сөздерді ойлап тапты, «Ғарыш сөздері», «Ғарыштық киім» байқауларына қатысты. Оқушылар көптеген жаңа және танымдық білім алып, біздің Жер планетамыз ең әдемі екенін түсінді. Іс-шара «ғарыштық аспанды» жарқыраған жұлдыздармен безендіруіменар аяқталды. Іс-шараға «Ғарыш шақырады!» кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 

Комментарии запрещены.