18 қыркүйек күні № 2 балалар кітапханасының қызметкерлері «Жас Толқын» БЖК тәрбиеленушілерімен Багаев мұражай үйіне «Фотолар сөйлейді» атты көшпелі кездесу экскурсиясын жасады. Осы іс-шара фотограф, өлкетанушы, Г. Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайының негізін қалаушы және бірінші директоры Дмитрий Поликарпович Багаевтың туғанына 140 жыл және өлкетанушы, фотограф Леонид Дмитриевич Багаевтың 95 жылдығына өткізілді. Бұл-фотографқа арналған Қазақстандағы бірден-бір мұражай. Дмитрий Багаев өлкенің тарихын құжатты фотография арқылы көрсете алды. Балалар қызығушылықпен экскурсоводтың әңгімесін тыңдады. Мұражай экспонаттарын тамашалап, 20 ғасырдың басындағы сәнді киімін киіп, сол кезеңге саяхат жасап, білімдерін толықтырды.