18.07.2024 ж. кітапханада Павлодар қаласы күнін мерекелеуге арналған «Ертіс жағалауындағы әсем қала» атты кездесу кеші өтті. Павлодар — Ертіс өңірі көптеген танымал және тамаша адамдардың отаны. Мұнда ғылым, мәдениет және әдебиеттің талантты қайраткерлері тұрады және жасайды. Бұл күні іс-шара көптеген талантты жерлестерді: жазушылар, ақындар, шығармашылық адамдарды және кітапхана оқырмандарын біріктірді.
Кеште туған қаласы, оның тарихы мен дамуы туралы көптеген жақсы сөздер айтылды. Кеш қонақтары: жазушы Людмила Николаевна Бевз, ақын Елена Вайберт, бард Дирксен Виктор, жазушы Людмила Асеева, Колодины Наталья Александровна және Александр Ивановна болды. Қонақтарды қаланың шығармашылық ұжымдары құттықтады: әнші Даутова Әсем Өңдірісқызы, әнші Бейсенов Арсен Жеңісұлы, композитор және әнші Жұмаділдинов Бақытжан Әділбекұлы, хореограф Никитина Виолетта Александровна, Баженова Жанна Манатқызының жетекшілігімен «Домовята» театр үйірмесі.
Қала күніне орай «Павлодар – менің туған өлкем» атты кітапхана қорынан кітап көрмесі ұсынылды.