«Ертегі кейіпкерлерінің қонақтарында» мультвикторина

27 шілдеде №32 мектептің мектеп жанындағы лагерінің балаларына арналған № 3 көпшілік кітапханасында «Ертегі кейіпкерлерінің қонақтарында» атты мультвикторина өтті. Кітапханашы ерекше танымал мультфильмдердің жасалу тарихын, мультфильм суретшілері туралы әңгімеледі. Ойын барысында балаларға әр түрлі балалар мультфильмдерінің, соның ішінде әдеби шығармалардан жасалған кейіпкерлері еске алынды. Барлығы өздерінің эрудициясы мен тапқырлығын көрсете отырып, тапсырмаларды жақсы орындады. Кітапханада «Кітап батырлары — мультфильм кейіпкерлері» көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара мультфильм көрумен аяқталды. Балалар өздеріне ұнайтын кітаптарды үйге оқуға алды.

Комментарии запрещены.