17 ақпан күні № 2 балалар кітапханасында ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ермұхан Бекмахановтың 110 жылдығына арналып «Ермұхан Бекмаханов-тарихшы ғалым» атты танымдық сағаты өтті. Іс-шараға № 25 ЖОББМ 6 сынып оқушылары қатысты. Кеш барысында балалар кітапханашы дайындаған «Ермұхан Бекмаханов өмірінен 15 дерек» әңгімесін тыңдады, бейне фильм тамашалады. Тақырыптық сөре бойынша дайындалған әдебиеттік шолу тыңдады. Бауыржан Момышүлы былай депті: «Ермұхан Абай айтқан ақыл, қайрат, жүрек-үшеуін бірдей ұстап, халқымызды шын сүйе білді, оның отына күйе білді. Мәскеудің атақты үлкен тарихшы ғалымдары оны шын пейілмен құрметтеп, сыйлайтын, онымен ашық пікірлерін, сырласатын, санасатын. Бұл-ұлкен жеңіс! Ермұхан-халқымыздың жүрегінің төрінде мәңгі орын алуға лайықты ұл.»