2025 жылдың 26 ақпан күні Павлодар ауылының көпшілік кітапханасы #40 мектебінің 5а және 6а сынып оқушыларына «Кешкі кітапхана» жобасы аясында Қазақ хандығының құрылуының 560 жылдығына арналған «Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы — Қазақ хандығы» тарихи кешін өткізді. Оқушыларға қазақ хандығы туралы ақпарат беріліп, «Қазақ хандығы» фильмінен үзінді көрсетілді. «Тарих — ғасырлар куәсі» кітап көрмесіне библиографиялық шолу өткізілді. 5а сынып оқушылары «Сұлтандар кеңесі» атты көрініс көрсетіп Қазақ хандығына арналған өлең жолдарын оқыды. «Еркемай» домбыра үйірмесінің мүшелері «Кеңес күйін» орындады. Қатысушыларға шағын сыйлықтар табысталды.