«Еңсесі биік  — Егемен ел»

22 қазанда Республика күні аясында Павлодар ауылының көпшілік кітапханасы және этно-мәдени славян орталығы бірлесіп «Еңсесі биік  — Егемен ел» тарихи-танымдық кешін өткізді. Ұлттық бірлік пен мәдени мұраның маңызын арттыру мақсатында кеште Славян орталығының төрағасы  А. В. Пархоменко ауыл тұрғындарын Республика күнімен, кәсіби мерекелерімен, ауыл әйелдері күніімен (15 қазан – Халықаралық ауыл әйелдері күні) құттықтап, Астанада, Орыс үйінде өткен фотокөрмеге тоқталды. Кездесу соңында А.Цветаева мұражайынан шыққан кітаптарды, О.Григорьева мен Ю. Поминов — және А.В. Пархоменко Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Письма, опалённые войной» атты бірегей кітапты кітапханаға сыйға тартты!  «Достық» ауыл ардагерлер хоры кітапханаға «Абылай хан» мүсінін сыйлады.

 

 

Комментарии запрещены.