«Еңбек түбі – береке»

25 қыркүйек күні Кенжекөл ауылдық көпшілік кітапханасында Еңбек күніне орай «Еңбек түбі – береке» атты ақпарат сағаты өткізілді. Іс-шара барысында оқырмандарға еңбек мерекесінің шығу тарихы, оның мәні мен қоғамдағы орны туралы ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар, әртүрлі мамандықтар туралы қызықты деректер айтылып, еңбекке байланысты нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер оқылды. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, еңбекке деген көзқарастарын ортаға салды. Шараға ауылымыздың тұрғыны, орманшы инспекторлар Қайырбек Сартаевич және Жұмабай Елемесович арнайы шақырылып, өз кәсібі жайлы әсерлі әңгіме айтып, жастарды табиғатты қорғауға, еңбекке құрметпен қарауға шақырды.

 

Комментарии запрещены.