2025 жылдың 15 қыркүйегінде бейімдеу және оңалту орталығының тәрбиеленушілеріне Еңбек күніне орай «Еңбек сүйген, ел намысы» атты викторина өткізілді. Кітапханашы Қазақстанда қыркүйек айының соңғы жексенбісінде атап өтілетін Еңбек күні мерекесінің енгізілуіне тоқталды. Шара барысында мамандықтар туралы әңгіме өрбіді. Балалар тек ауыл шаруашылығы саласына қатысты емес мамандықтарды атау үшін бір-бірімен жарысты. Мамандықтар туралы «Сөзді аяқта» ойынын ойнады. Еңбек туралы мақал-мәтелдер сайысына балалар белсене қатысты. Шара соңында кітапханашы балаларды мектепте жақсы оқып, ата-аналарына көмектесуге шақырды. Бұл олардың ЕҢБЕГІ!























