18 қыркүйек күні №43 орта мектептің 6 сынып оқушылары Еңбек күніне арналған «Еңбек адамы» танымдық кездесуіне қатысты. Іс-шараның мақсаты: балаларды әртүрлі жұмыс мамандықтарымен таныстыру, еңбекке деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, ой-өрісін кеңейту. Іс-шараның қонағы мектеп асханасының меңгерушісі С.И. Булатова болды. Іс-шараның басында кітапханашы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялағанын айтып, балаларды түрлі мамандықтармен таныстырды. Қонақ балаларға өз жұмысы туралы айтып, қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Балалар іс-шараға белсенді қатысты: еңбек туралы мақал-мәтелдерді еске түсірді, жұмбақтарды шешті, жұмысшы мамандықтарын атады, тапсырмаларды орындады, ата-аналарының мамандықтары туралы айтты. «Мамандықтар әлемі» атты кітап көрмесі жұмысшы мамандықтары туралы кітаптармен безендірілді. Оқушылар Джанни Родаридің «Чем пахнут ремесла?» өлеңін оқыды. Өлеңде итальяндық балалар жазушысы мамандықтардың иісін әдемі сипаттайды: балықшының, ағаш ұстаның, наубайшының, жүргізушінің т.б. «Тек еңбек етпейтіннің ешқандай иісі жоқ». Балалар бұл сөздерді қалай түсінетіндерін айтты. Әр адам бос жүрмей, еңбек етуі керек. Балалардың еңбегі — оқу. Олар әлі мектеп оқушылары, бірақ «Кім боламын?» деген кез де келеді. Барлық мамандықтар керек, барлық мамандықтар маңызды.