20 қазан күні № 2 балалар кітапханасының қызметкерлері № 25 ЖОББМ 2 сынып оқушыларына арнап Республика күніне орай «Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік» ақпарат күнін өткізді. Іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен салтанатты түрде басталды. Кітапханашының әңгімесінен балалар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қазан-Республика күніне ұлттық мәртебесін қайтаруды ұсынғаның естіп, тәуелсіздіктің әр жылдары елімізде қандай тарихи маңызды іс-шаралар өткенін білді. Олар «Кең байтақ жерім менің» сұрақ-жауап ойынына белсене қатысып, «Отаным-қазақ елім, алға ұмтылған» кітап көрмесіндегі «Сен білесін бе?» кітаптар топтамасымен танысты. Оқушылар мерекеге арнап өлеңдерді, мақал-мәтелдерді айтты. Барлығы қолдарына кішкентай көк байрағты алып «Жаса, Қазақстан!» әңімен іс-шараны аяқтады. Қамту -25 бала.