«Елдің күші – халық бірлігінде»

2025 жылдың 28 сәуірінде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған №29 орта мектептің 5 сынып оқушыларының қатысуымен «Елдің күші – халық бірлігінде» атты ақпараттық сағат өткізілді. Балалар қазақ халқының достығы мен келісімі туралы тақпақтар оқып, Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы материал тыңдап, іс-шара тақырыбына слайдтар тамашалады. Сондай-ақ, оқушылармен «Ұлттық киім», «Ұлттық аспаптар», «Мақал-мәтелді аяқта» сайыстары өткізілді. Шараға арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, онда Қазақстан аумағында тұратын түрлі халықтардың тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрлері туралы материалдар ұсынылды.

 

Комментарии запрещены.