2 ақпанда №4 көпшілік кітапханасында оқырмандарға арналған ақпарат
сағаты өткізілді. Мақсаты: еліміздің алдында тұрған міндеттермен, мемлекеттік
бағдарлама-лармен және жаңа кітаптармен таныстыру.
Шараны жүргізген кітапханашы Бақтылы Көшербайқызы Құсанова өз сөзінде Елбасының биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауындағы негізгі бағыттарға тоқтала келіп, «Рухани жаңғыру», «Туған жер», «Қасиетті Қазақстан», «Жаһандағы қазіргі қазақ мәдениеті», «100 жаңа оқулық», «100 жаңа есім»
бағдарламаларынан туындайтын және латын әліпбиіне көшуге байланысты міндеттерді атап өтті.
Кітапханашы Елбасының соңғы «Тәуелсіздік дәуірі» кітабына кеңінен тоқталды. Тарихи туындыда егемен еліміздің негізі қаланған күннен бастап оның қалыптасу кезеңдерінің ерекшеліктері мен 26 жылдық тәуелсіздік дәуіріндегі ішкі және сыртқы сын-қатерлерді еңсеруге байланысты қабылданған шешімдердің мән-мазмұны жан-жақты баяндалған. Кітап еліміздің жаңа тарихын тұтас қамтыған, мазмұны аса бай төрт бөлімнен тұрады. Бүгінгі біздің қоғамымыздың бірлігі бекем,
тұрақтылығы тұғырлы. Өзгелерге өнеге боларлықтай бірлік пен келісімнің қазақстандық бірегей моделі жасалды. Бұл кітап – қоғамдық келісім мен береке-бірліктің баға жетпес құндылықтарын паш еткен егемен елдің шынайы шежіресі.
Шараға 7 адам қатысты.