6 маусым күні кітапханашылар №96 балабақша бүлдіршіндерін туған өлкенің ғажап түпкірлеріне экосаяхатқа шақырды. Балалар табиғатта өзін-өзі ұстау ережелерін еске түсіріп, ойындар мен жарыстарға қатысты, өсімдіктер мен жануарлар туралы жұмбақтарды шешті, қорықтардың не екенін және олар не үшін қажет екенін біліп, «Қазақстанның Қызыл кітабымен» танысты.