«Дыбыс сақтаушысы»

29 қаңтар күні Электроника және коммуникациялар жоғары колледжінің 3–4 курс студенттері мен Экономикалық колледждің 1–2 курс студенттері үшін Н. Г. Шафердің 95 жылдығына арнап «Дыбыс сақтаушысы» естілік сағаты өткізілді. Іс-шара барысында студенттер Н. Г. Шафердің өмірі мен шығармашылық мұрасымен танысып, оның халықтық, музыкалық мұраны жинау, зерттеу және сақтаудағы елеулі үлесі туралы мәліметтер алды. Іс-шараның құрметті қонақтары: П. Васильев атындағы үй-музейдің сақтаушысы Корешкова Татьяна Сергеевна, Н. Г. Шафер туралы естеліктерімен бөлісіп, музей қорындағы кітаптарға шолу жасады. Н. Г. Шафер атындағы үй-музейдің экскурсия жүргізушісі Макарова Элина Юрьевна, Н. Г. Шафердің жеке граммофонында орындалған аудиожазбаларды көрсетіп, оның шығармашылық қызметі туралы әңгімеледі, сондай-ақ Наумовтар отбасының досы Сотникова Валентина Ивановна, өзі жинаған материалдар мен кітаптарды таныстырып, Н. Г. Шафердің сүйікті әндерін тыңдады. Бейнематериалдардың көмегімен студенттер Н. Г. Шафердің үй-музейімен виртуалды түрде танысты.

Комментарии запрещены.