19 шілдеде Орталық балалар кітапханасында №29 мектептің жанындағы лагерьдегі балалармен ертегілік саяхат өткізілді.
Шараны жүргізген кітапханашы Ольга Сергеевна Немлиенко алдымен «достық» сөзінің мағынасын талдауды ұйымдастырды. Балалар қалай түсінеді: кіммен дос болу керек, ал кіммен достықтың болмауы керек, достың бойында қандай қасиеттің болуы керек және тағы басқалар. Балалар достық туралы өлеңдер оқыды, сахналық көрініске және «Кіммен дос болу керек» ойынына қатысты.
Кітапханашы достық туралы тапқыр сөзге құрылған ойын өткізді. Екінші тапсырмада тез әрі шапшаң ойлау керек болды. Үшінші ойын сыпайылық пен кішіпейілділікке құрылды. Ал төртінші станцияға тек қана нағыз достар жетті.
Сондай-ақ балалармен «Школа актёрского мастерства», «Пары», «Волшебные слова», «Настоящий друг» атты қызықты ойындар өткізілді. Осы тақырыптағы кітап көрмесіне шолу жасалды. 25 адам қатысты.