2019 ж. 4 шілдеде сағат 16:00-де № 3 балалар кітапханасында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Домбыра күніне орай № 16 балабақша балаларына «Домбыраның сиқырлы әуені» музыка сағаты өткізілді. Мақсаты: Қазақ халқының ұлттық өнерін әңгімелеу, ұлттық аспап домбыра туралы түсінік беру.Жүргізуші № 3 балалар кітапханасының кітапханашысы Калиева Динара Амангельдиновна балаларды ұлттық домбыра күнімен таныстырды. Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті жарлығымен шілде айының бірінші жексенбісі Домбыра күні деп аталып өтіледі. Домбыра – Қазақ халқының мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылатын құрал. «Домбыра» — Қазақ жаны. Күйлер, әуендер, домбыра әуендерін тек қана қазақ даласында дүниеге келген қазақтың мұрынында жусан иісі бар қазақ түсінуі мүмкін. Өйткені бұл – ерекше музыка. Ол рухани жағдайды білдіреді: немесе қайғы, немесе қуаныш, немесе философия. Біздің халықтық әндеріміз философиялық мәні бар мазмұнды әндер. Балалар Кенен Әзірбаевтың өмірі мен шығармашылығымен танысты. Осы жылы Кенен Әзірбаевтың 135 жылдығы аталып өтілуде. Бейнероликті тамашалап, домбыра туралы аңызды тыңдады. Шара «Домбыра – халық мұрасы» кітап көрмесіне шолумен аяқталды.Қатысқандар – 21 адам.