16 шілдеде №6 балалар кітапханасының оқу залында №5 мектептің жанындағы лагерьдегі балаларға денсаулық тақырыбында конкурстық-ойын бағдарламасы өткізілді. Мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, дене тәрбиесі мен спортқа деген сүйіспеншілікті бекіту.
Шараны жүргізген кітапханашы А.Р.Мағзұмова ойын түрінде және слайд-презентация негізінде салауатты өмір салтын сақтамаудың зияны және оны сақтаудың пайдасы туралы әңгімеледі. Балалар көрсетілген пантомимодан спорттың қай түрі екенін және әртістік қабілеттерін анықтады.
«Цветик-семицветик» викторинасында балалар жеті топқа бөлініп, әр топ жеті түстің бірін алды. Онда тапсырма жазылған. Тапсырма салауатты өмір салты туралы болды. Мысалы, көк түс – «Гигиена», жасыл – «Витаминдер», сары – «Зарядка» және тағы басқалар. Командалар сол тақырыптар туралы айтып, мақал-мәтелдерді еске түсірді.
Ал кроссвордты шешуде қызу пікірталас туды. Сахналық көріністің танымдық жағы басым болды. Іс-шара соңында кітапханашылар кітап көрмесіне шолу жасады. 22 адам қатысты.