«Демалыс көп болмайды»

2025 жылдың 14 мамыр күні «Ашық аспан астындағы кітапхана» жобасы аясында №4 және №8 балалар кітапханасының кітапханашылары №28 мектептің 4 сынып оқушылары үшін «Демалыс көп болмайды» атты танымдык- ойын бағдарламасын өткізді. Кітапханашылар кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы айтып, спорттық жарыстар өткізді. Балалар эстафеталық жарыстарға қатысып, өздерінің ептіліктерін, жылдамдықтарын, тапқырлықтарын көрсетті. Балалар «Крепыши «, «Непоседы» екі топка бөлініп спорт ойындарына белсене қатысып, тапкырлык көрсетті. Шара соңында кітапхана оқырмандары — Головчуктар отбасы балаларға арнап флешмоб өткізді. Кітап көрмесінен шолу өткізілді. Жазғы демалыс басталады, балаларға кітап оқуды ұмытпау керек.

Комментарии запрещены.