19 ақпан күні №30-ші ЖОББМ-де 9 сынып оқушыларына арналған ақпарат сағаты өтті. Бұл шара Қазақстанның құрметті журналисі, ұстаз әрі еңбек ардагері Жұмасейіт Қоғабайұлы Бижанның туғанына 85 жыл толуына арналды. Шараның тақырыбы — «Дәуір». Жұмасейіт Бижанұлы көптеген маңызды еңбектердің авторы болып табылады, олардың ішінде «Замандастар тағылымы», «Ардақты елім – Ақтоғай», «Дала уалаяты» газеті, «Ой толқыны: тәжірибелік нұсқаулық» және т.б. кітаптар мен «Көзқарас», «Дәуір» телерадио бағдарламалары бар. Ол Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының, Кеңес Одағы теледидар және радиосының үздігі белгісінің иегері. Сондай-ақ, «Құрмет» ордені (2018), «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі, С.Торайғыров атындағы алтын медаль (2010) сынды марапаттарға ие болған. Іс-шараның қорытындысында «Журналистика шығармашылығындағы жаңа инновациялық технологиялар» тақырыбында жазылған оқу құралын таныстыру арқылы болашақ журналистерге жаңа инновациялық технологияларды игеруге мүмкіндік беретін заманауи талаптар бойынша білім беру үрдісін жеделдету көзделген. Сонымен қатар, оқушылардың білімдерін пысықтау мақсатында викторина ұйымдастырылды.