«Дара тұлға»

13 мамыр Д. Әбілев атындағы көпшілік кітапханасында тұрақты оқырмандары және №17 мектептің оқушыларының қатысуымен «Өлке мәдениеті мен әдебиеті» жобасы аясында Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Әлкей Хақанұлы Марғұланның туғанына 120 жыл толуына орай «Дара тұлға» атты тақырыптық кеші болып өтті. Шара барысында Әлкей Марғұланның өмірбаяны, қазақтың көне тарихы мен археологиясы және этнографиясы жайлы мәлімет берілді. «Әлкей әлемі» кітап көрмесі назарға ұсынылды.

Комментарии запрещены.