«Дана. Көңілді. Тапқыр»

№2 балалар кітапханасында 1 қазан-Халықаралық қарттар күніне және «Қамқорлық» айлығына арналып «Дана. Көңілді. Тапқыр» атты турниры өткізілді. Іс-шараға кітапханамыздың құрметті ардагерлері және 8-ші шағын ауданының зейнеткерлері шақырылды. Мерекелік дастархан ұйымдастырылып, әңгіме-дүкен құрылды. Кейін түрлі көңілді сайыстар өтті. Ән айтып, би биледі апайлар. Игі-жақсыларымыз әрқашан төзімділіктің, даналықтың үлгісі болып келеді. Олар өздерінің адал еңбегімен еліміздің экономикасын, ауыл шаруашылығын, мәдениетін, білім саласын нығайтып атақ-даңққа бөленген ұрпақ.

Комментарии запрещены.