«Даланың халық әуені» атты музыкалық сағатын

Шілденің 1 күні № 4 балалар кітапханасының оқу залында №43 мектеп жанындағы лагерінің балаларына «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарлама аясында Ұлттық домбыра күніне арналған «Даланың халық әуені» атты музыкалық сағатын өткіздік. Мақсаты: париоттық сезімін тәрбиелеу, балаларды ұлттық музыкалық аспабымен – домбырамен таныстыру, ұлы күйшілер Құрманғазы Сағырбаев және Дина Нұрпейісова туралы айту, музыканы жақсы көруге дағдыландыру. «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарлама аясында қазақ музыкалық аспабы – домбыраға арналған мерекелік шара «Сарыарқа» күиін тыңдауымен басталды. Қазақ әуені фонында кітапханашылар Кенжегалиева Б.К. және Мухутдинова Н.К. балалармен сәлемдесіп 2018 ж. маусымның 12 күні ҚР Тұңғыш президенті жарлыққа қолын қойды деп айтты. Жарлық бойынша шілденің бірінші жексенбісінде елімізде Ұлттық домбыра күні тойланады. Мерекенің мақсаты: ұлттық мәдениетті және ұқсастықты сақтау және жаңғыру идеясына қоғамды.нығайту.

Кітапхананың оқу залында «Музыка әлемі» атты кітап көрмесі безендірілді. Көрмеге қазақ музыкасы туралы, ұлттық музыкалық аспаптар туралы, Қазақстан композиторлары туралы кітаптар қойылды. Ортада сұлу домбыра тұрды. Кітапханашылар домбыра қандай болады  екенін айтып көрсетті. Әр бала домбыраны қолына ұстады. Кейбіреулері шектерін қысып үн шығаруға тырысты. Кейбіреулер үшін бұл домбырамен бірінші жақын танысу болды.  Кітапханашылар қазақ халқы жақсы көретін шығармаларының бірі –күй туралы айтты. Балаларды ұлы күйшілердің бірі Құрманғазы Сағырбаев және оның шәкірті Дина Нұрпейісовамен таныстырды. Балалар «Күи атасы – Құрманғазы» атты слайд қарады, Құрманғазының «Адай» және «Балбрауын» атты әйгілі күйлерін тыңдады.  Кітапханашылар қазақ жазушысы-ақын С.Сейфуллин жазған «Домбыра» атты өлеңді оқыды. Шараны мереке және өлең туралы мақал-мәтелдерді еске түсіріп жалғастырдық. Балалар белсене қатысты. Оларға мақал-мәтелдер екі тілде таратылды. Әуелі мақал қазақ тілінде оқылды, содан кейін аудармасын орыс тілінде оқу керек болды. Кітапхананың белсенді, тұрақты оқырмандары Дедова Настя және Сова Влад домбыра туралы өлеңдер оқыды. Бұқар Жырау ат. Павлодар мұражйиында сақталған көне домбыра туралы бейнежазба көрсетілді. «Музыка әлемі» атты кітап көрмесін қарап балалар музыка туралы, музыкалық аспаптар туралы, композиторлар туралы кітаптармен танысты. Домбыра – халықтың ұлы мұрасы. Бүгінгі әлемде домбырамен шерткен классикалық, халық және замануи музыканы тамашалауға болады. «Сыңғырла, домбырам, сыңғырла! Жаса, домбырам, жаса! Жылдар, ғасырлар дауыста, әндет! Мәңгі дауыста, домбырам!» сөздермен шараны аяқтадық. Мүмкін, әуенді домбырамен танысқан сон осы керемет аспапта ойнауға біреулердің ниеті оянады.

Комментарии запрещены.