«Булат Окуджаваның прозасы»

29 мамыр Павлодар ауылының көпшілік кітапханасында Ресей ақыны Б. Окуджаваның 100 жыл толуына орай «Булат Окуджаваның прозасы» әдеби отырыс өтті. Қатысушыларға, жастық шағы Ұлы Отан соғысына қатысумен байланысты ақын, жазушы, бард Болат Окуджаваның өмірі мен шығармашылығы туралы айтылды. Соғыс жылдарындағы әндер және автордың кинофильмдерге жазған өлеңдері оқылып, әндері шырқалды. Ардагерлер кеңесінің мүшесі Маршалла В. В. Павлодар ақыны О. Григорьеваның «Окуджаваға» өлеңін оқыды. Кітапхана қорынан Болат Окуджаваның кітаптарына шолу жасалды.

 

 

Комментарии запрещены.