19 шілдеде сағат 15.00-де қала күніне орай кітапханада туған өлкенің тарихын білуге арналған «Біздің қала несімен және кіммен танымал» атты өлкетану викторинасы өткізілді. Іс-шараның мақсаты: балалардың өз қалалары туралы көбірек білуге деген ұмтылысын қалыптастыр. Кітапханашы Б.Г. Елемесова Павлодардың көрікті жерлерін, өнеркәсіптік кәсіпорындарын айтып берді, балалар біздің өлкеміздің атақты адамдары туралы білді, туған өлкенің тарихы мен табиғаты туралы сұрақтарға жауап берді. Іс-шара соңында балалар Павлодарға арналған көрмемен танысты. Викторина балаларға өз білімдерін байытуға, шағын отаны туралы қызықты ақпараттың қоржынын толықтыруға көмектесті.