8 ақпан күні Орталық балалар кітапханасы қызметкерлері «Альрами» клуб үйінің мүшелеріне «Біз сенімен жер бетінде тұрамыз» атты экологиялық серпантин өткізді. Мақсаты: тәрбиеленушілерінің экологиялық ойлауын қалыптастыру; экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру; қоршаған әлемге ұқыптылықпен қарауды тәрбиелеу.
Жүргізуші-кітапханашы Любовь Степановна Микушина біздің жасыл ормандардан, көк мұхиттардан, сары құмдардан тұратын жалғыз да тамаша планетамыз –
Жер-Анамызға өз өмірлерімізбен қарыздар екендігіміз туралы айтқан болатын. Ең ұлы құпияға және ғажайыпқа толы ол — біздің планета. Ол өзінде өмірге келгеннен бастап және адамзаттың болашақ тағдырына дейінгі ең құпия жұмбақтарды сақтайды. «Экология» ғылымы біздің үйіміз — Жер планетасын оған бізбен бірге тұрып жатқан жақсы ма, және біз оған қандай көмек көрсете алатындығымыз туралы зерттейді. Содан кейін табиғат білгірлері ойынын, оны қорғау — экологиялық серпантин өткізуді ұсынды. Ойын барысында «Эрудит», «Логическая цепочка», «Проблемная», «Лесные загадки», «Золотые россыпи помоек» станция аялдамаларына саяхат жасады. Ал, топтық жарыс «Экологические знаки» станция аялдамасында қызу жүріп жатқанда, кітапханашы «Цветочная» сұрақ-жауабын өткізді және гүлдер туралы аңыздар айтып берді.
Іс-шара «Волшебная сметана» мен «Мақтаншақ мысық» қуыршақ спектакльдері, «Алан мен тасбақа» мультфильмінің көрсетілуімен аяқталды. Қатысқандар саны – 14 адам.