1 желтоқсан күні СОШ №5 мектебінің 8 «б» сыныбы оқушылары үшін «Біз өмірді таңдаймыз» ақпарат сағаты өткізілді. Шара Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналды.«Әркім білуі тиіс» әңгіме барысында оқушылар ересектердің пікірін тыңдады: өзіңді және жақындарыңды сенімді қорғау үшін XXI ғасырдағы ВИЧ инфекциясын білу маңызды. Өйткені ЖИТС эпидемиясы әлемнің көптеген елдеріне таралып, тарихқа, мәдениетке, сондай-ақ мемлекеттердің экономикасы мен саясатына әсер етті. «Біл және есте сақта, өмір сүру үшін» атты фильм оқушыларды ВИЧ/ЖИТС-ке қарсы Дүниежүзілік күн тарихымен таныстырды. Бұл күн ВИЧ инфекциясының пандемиясына қарсы ұйымдастырушылық күш-жігерді нығайтуға және инфекцияның әлем бойынша таралуын тоқтатуға арналған. Шара қонағы – Павлодар облыстық ВИЧ инфекциясының алдын алу орталығының педагогы Құралай Ертаевна Бараисова облыс бойынша статистикамен және жастарды ЖИТС салдарымен таныстырудағы орталық жұмысы туралы әңгімеледі.Іс-шара соңында оқушылармен «ЖИТС таңдамайды – сен таңдайсың!» атты интерактивті ойын өткізілді. Бұл ойын арқылы оқушылар қиын және қауіпті жағдайдан шығу жолдарын іздеуді үйренді.

















