«Біз өмірді таңдаймыз»

17 қараша күні № 5 орта мектепте 9–11 сынып оқушыларына арналған «Біз өмірді таңдаймыз» маман күні өткізілді. Шараның мақсаты — салауатты өмір салты туралы көзқарастар мен құндылықтарды қалыптастыру. Жасөспірімдерге нашақорлық — бұл тек жеке адамның қайғысы ғана емес, тұтас отбасыларды, қоғамды және бүтін бір ұрпақты қамтитын жаһандық әлеуметтік проблема екені түсіндірілді. Бұл — ешкімді бей-жай қалдырмайтын мәселе. Осы жайында «Біз өмірді таңдаймыз» бейнеролигінде де айтылды. Іс-шараның қонағы — Павлодар облысы Полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы, полиция подполковнигі Ирина Темірғалиева болды.
Ирина Темірғалиевна жасөспірімдерге есірткі заттарын қолдану мен тарату үшін кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі — әрі заң алдындағы, әрі жеке жауапкершілік екенін атап өтті. Сонымен қатар, қазіргі жастардың өз денсаулығына деген көзқарасы және салауатты өмір салтын зиянды әдеттерге айырбастаған адамның өмір сүру ұзақтығының қаншалықты қысқаратыны туралы айтты. Оқушылар қонақты қызығушылықпен тыңдап, сұрақтарға жауап беріп, өздері де белсенді түрде сұрақтар қойды.

Комментарии запрещены.