«Біз біргеміз — біз бір отбасымыз»

29 сәуір күні №3 көпшілік кітапханада 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Біз біргеміз — біз бір отбасымыз» атты дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: еліміздегі ұлттар арасындағы келісімді, өзара сыйластықты сақтау және дамыту. Шара барысында еліміздің түрлі ұлттары мен халықтарының достығын, ынтымастығын атап өтілді. Дөңгелек үстелге жерлес түрлі ұлт өкілдері қатысты. Талқылау барысында қатысушылар елдің тұрақтылығы мен өркендеуі үшін ұлтаралық келісімнің маңызы туралы айтып, тату көршілік пен өзара көмек мысалдарымен бөлісті, өз халықтарының дәстүрлері мен мәдениеті туралы әңгімеледі. Жастардың толеранттылық пен патриотизмді нығайтудағы рөліне ерекше назар аударылды. Ұлтына қарамастан, әркім өз үйіндей сезетін Қазақстанға алғыс айтылды. Іс-шара көпұлтты қоғамда бейбітшілікті сақтауға, бір-бірінің мәдениетін құрметтеуге және бірлікке шақырумен аяқталды.

 

 

Комментарии запрещены.