Бірінші курс студенттеріне көмектесу үшін

Жаңа оқу жылының бірінші айы – бірінші курс студенттерін тек оқу орнымен ғана емес, сонымен қатар қала кітапханаларымен де таныстыру уақыты. Осы мақсатта орталық кітапхана қызметкерлері Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің «Тарих» факультетінің 1 курс студенттеріне таныстыру экскурсиясын өткізді. Экскурсияның мақсаты-жастарды қызықтыру және кітапханаға үнемі баруға тарту, кітапхана кеңістігін пайдаланып, ішкі ережелерімен сақтау. Студенттер кітапхана тарихына қысқаша экскурсия жасады, кітапхана бөлімдерімен, кітап қорларымен және қызмет көрсету бөлімдерінің жұмыс режимімен, кітаптарды беру ережелері мен қайтару мерзімдерімен танысты.         Сондай-ақ, балалар электронды каталогты пайдалану шарттары туралы білді. Кітаптардың адамға қалай әсер ететіні, кітапхананың маңыздылығы және оқудың пайдасы туралы әңгімелесті. Студенттер кітапханада түрлі кітаптар мен мерзімді басылымдармен таныса отырып, кітапханашылардан алған ақпарат олардың оқуға, өз бетінше сабаққа пайдалы ақпараттар алуға, зерттеу жұмыстарын жүргізуге, эссе жазуға, өз білімдерімен бөлісуге болатынында сезінді. Кітапхана әр жылы жаңа оқу жылының басында бірінші курс студенттеріне экскурсия өткізу дәстүрін сақтап, таныстыру жұмысын одан әрі дамытуға үміттенеді.

Комментарии запрещены.