Биыл «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармаларына арналады.
Төлен Әбдік — қазақ прозасында ерекше қолтаңбасы бар қаламгер. Қазақ әдебиетіне философиялық проза жанрын ала келген белгілі жазушы ретінде танымал.
Ол 1942 жылы 4 қыркүйекте Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Еңбек ауылында дүниеге келген. Төлен Әбдік 1965 жылы қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетін бітірген.
1965-70 жылдары «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеген. 1970-77 жылдары «Жалын» альманағында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, 1977-79 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында бас редактор, 1979-90 жылдары Қазақстан Коммунистік партиясының орталық комитетінде жауапты қызметте болды. 1990-92 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының екінші хатшысы болды. 1993 жылдан Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінде сектор меңгерушісі. 1997 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті аппаратының ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары.
Шығармалары 1964 жылдан бастап түрлі газет-журнал беттерінде жарияланған. Төлен Әбдіктің алғашқы шығармасы университет қабырғасында көңіліне ұнаған бойжеткенге байланысты жазылған. Замандастарының айтуынша, сол күнде жас та болса сол әңгімесі өз ортасында біраз талқыланып, жақсы бағаланған. Тұңғыш рет 1969 жылы «Көкжиек» әңгімелер жинағы жарық көрді. Одан кейінгі жылдары, «Күзгі жапырақ» (1971 ж.), «Ақиқат» (1974 ж.), «Айтылмаған ақиқат» (1979 ж.) әңгіме, повестер жинақтарын, «Өліара» (1985 ж.), «Ақшоқыда қыс қатты» (1987 ж.), «Парасат майданы» (2002 ж.) романдары жарық көрді. Сонымен қатар қаламгердің әңгіме, повестері орыс тілінде «Истина» (1980 ж., 1981 ж.) деген атпен шықты. Грек аңыздары – «Эллада ерлерін» (1977 ж.) қазақ тіліне аударған. «Біз үшеу едік» драмасы Ғабит Мүсірепов атындағы театрда сахналанған.
Жазушы шығармаларында тіс бата бермейтін маңызды тақырыптар – парасат майданы, ақыл мен азап ауруы, тұлғаның екіге жарылуы, кейіпкердің қарапайым адамдарға тән емес науқаспен ауруы, философиялық болмысты іздеу сияқты күрделі, тың дүниелер қозғайды. Модернизмнің жұрнақтары – қазақ әдебиетінде, соның ішінде Т.Әбдіктің шығармаларында қалай көрініс тапқандығы көрінеді.
2002 жылы «Парасат майданы» жазылған. «Парасат майданы» – жазушының адамзатқа бағытталған жанайқайы; өмірдің тылсым сырына үңілген жанның өзгелерге айтар өсиеті. Төлен Әбдіков бұл философиялық шығармасында қоғамның болашағы үшін қам жегенін, оған жаны ашып, жол сілтемек болғанын байқаймыз. Жақсылық пен жамандықты, жауыздық пен мейрімділікті қатар қойып, кімнің жеңіске жететінін баяндайды.
«Бұл туынды ПЕН-клубтың сыйлығын иеленіп, Халықаралық Франц Кафка атындағы орденімен марапатталды. Халықаралық Ф. Кафка атындағы Қазақстандағы ПЕН клуб сыйлығының лауреаты (2003). Еуропалық алтын медальдің (2003), Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегері (2004).
Жазушыға 2002 жылы жазушыға отандық әдебиетті дамытуға қосқан зор үлесі үшін оған «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.
2013 жылы Төлен Әбдік «Түркі әлемінің үздік жазушысы» атанды. Түркияның Эскишехир қаласында өткен «Әдеби журналдар редакторларының VI құрылтайында» қазақ жазушысы Т.Әбдікке мәртебелі атақ салтанатты түрде табыс етілді. Қаламгердің шығармалары түбі бір туыс 13-тен астам елдің тілдеріне аударылып, кеңінен таралды. Сонымен қатар 2013 жылы көрнекті еңбегі үшін «Парасат», 2019 жылы ұлттық әдебиеттің дамуына қосқан үлесі бірінші дәрежелі «Барыс» ордендерімен марапатталған.
Сөзі мен ісі арасында алшақтық болмаған жазушы туралы ақын Темірхан Медетбек тамаша портреттік өлең жазды.
Бипазсың! Содан да сен
Осынау лас өмiрден жиiркенiп тұрасың.
Жиiркенiп жатасың.
Осынау опасыз сұрқия тiрлiктiң
Отына оранып, өртенiп жатасың!
Бiлем мен
Оспадар өмiрдiң кескiнiн көрiп,
Ұлтыңды ойлап қаншама сен
Таусылып шыдамың,
Өзiңе тығылып тұншығып жыладың.
Мен сенiң тұншығып құмыққан
Сол бiр зарыңды
Арқырап жатқан сарқырамалардан да
Бес бетер есiтiп тұрамын.
Осынау жолдар Төлен ағаның бүкіл болмысын, қайтпайтын қайсар міңезін, ақиқатқа ара түсетін қаламгерлік қайратын көрсетіп тұрғандай.
Әдебиеттер тізімі
Әбдіков Төлен // Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясы. 1 т. — Алматы, 1999. — 2 т. – 599 б.
Әбдіков Төлен // Қазақ әдебиеті: энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы, 2005. – 64 б.
***
Әбдікұлы, Т. Әке: повестер мен әңгімелер / Т. Әбдікұлы.- Алматы: Қайнар, 2005.- 384 б.- (Ауыл кітапханасы).
Әбдікұлы, Т. Оң қол: повестер мен әңгімелер / Т.Әбдікұлы.- Алматы: Атамұра, 2002.- 351 б.- (Атамұра кітапханасы).
Әбдіков, Т. Өліара: роман / Т. Әбдіков.- Алматы: Жалын, 1985.- 352 б.
Әбдікұлы, Т. Парасат майданы: таңдамалы / Т. Әбдікұлы.- Алматы: Раритет, 2012.- 610 б.- (Жаңа заман әдебиеті. Проза).
Әбдіков, Т. Таңдамалы: роман және повестер / Т. Әбдіков.- Алматы: Жазушы, 1992.- 511 б.
***
Әбдік, Т. Ақиқаттан биік ақсақал жоқ: [жазушы Т. Әбдіковпен әңгіме] / әңгімелескен Н. Жұмабай //Egemen Qazaqstan.- 2020.- 5 маусым. — 14 б.
Әбдік, Т. Әуезовтің жалғасы: [жазушы Ә. Нұрпейісовтің 95 жасқа толуына орай] / //Egemen Qazaqstan.- 2019.- 22 қазан. — 9 б.
Әбдік, Т. Әуезовтің жалғасы: [жазушы Ә.Нұрпейісовтің 95 жасқа толуына орай] / //Egemen Qazaqstan.- 2019.- 22 қазан. — 9 б.
Әбдік, Төлен. Қажығали — халықтың азаматы: [Жазушы Қ.Мұхамбетқалиұлының 80 жылдығына орай] //EGEMEN QAZAQSTAN.- 2022.- 6 желтоқсан. — 7 б.
Әбдік, Төлен. Қамқоршы: [Повесть] // Өркениет.- 2022.- № 4. – 3 – 43 б.
Әбдік, Төлен. Құбылыс: [Жазушы Д. Исабековтің 80 жасына орай] //ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ.- 2022.- 7 қазан (№ 39). — 8 б.
Әбдік, Төлен. Парасатты прозаның патшасы: [Жазушы Т.Әбдіктің 80 жасына орай сұхбаттарынан ықшамдалып алынған ой-толғамдары] //ANA TILI.- 2022.- 13 — 19 қазан (№ 41). — 5 б.
Әбдік, Төлен. Суымаған Достық: [Жазушы Б.Нұржекеұлының 80 жасына орай] //ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ.- 2021.- 19 ақпан (№ 7). — 6 — 7 б.
Әбдік, Төлен.Төлен Әбдік, жазушы: Сол түні қуанғаннан ұйықтай алмадым: [жазушы Т. Әбдікпен сұхбат] / Т. Әбдік.; Сұхбаттасқан Батырхан Сәрсенхан. //Қазақ әдебиеті.- 2021.- 22 қаңтар (№ 2 — 3). — 4 б.
***
Ақсұңқар Серік. Жазушы: [Жазушы Т. Әбдіктің 80 жасына орай арнау] // ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ.- 2022.- 16 қыркүйек (№ 36). — 8 б.
Аманжол Қорғанбек. Дақпыртсыз даңқ: [Жазушы Т. Әбдіктің 80 жасына орай арнау]//ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ.- 2022.- 16 қыркүйек (№ 36). — 9 б.
Әбдіғаппарқызы Б. «Отбасының бақыты өз қолыңда»: [жазушы Т. Әбдіктың отбасы туралы] //Ана тілі.- 2013.- 21 — 27 ақпан (№ 8). — 6 — 7 б.
Әбдік Т. Парасат майданының ендігі сарбаздары..: [«Парасат майданы» бағдарламасының шығуы жайлы жазушы, бағдарламаның негізін салушы Т. Әбдікпен сұхбат] / сұхбаттасқан Ү. Тортай //Ақ желкен.- 2017.- № 7. — 22 — 24 б.
Әбдік Төлен. Парасатты прозаның патшасы: [Жазушы Т. Әбдіктің 80 жасына орай сұхбаттарынан ықшамдалып алынған ой-толғамдары] //ANA TILI.- 2022.- 13 — 19 қазан (№ 41). — 5 б.
Әбдік Төлен. Төлен Әбдік, жазушы: Сол түні қуанғаннан ұйықтай алмадым: [жазушы Т. Әбдікпен сұхбат]; Сұхбаттасқан Батырхан Сәрсенхан//Қазақ әдебиеті.- 2021.- 22 қаңтар (№ 2 — 3). — 4 б.
Әбіш Маржан. Қаламгер белесі: [Жазушы Т. Әбдіктің 80 жасына орай Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында әдеби кеш өтті] //EGEMEN QAZAQSTAN.- 2022.- 30 қыркүйек. — 22 б.
Әбіш Маржан. Оң қол ойсыратқан тағдыр: [Жазушы Т. Әбдіктің 80 жасына орай «Оң қол» әңгімесіне талдау] //EGEMEN QAZAQSTAN.- 2022.- 29 қыркүйек. — 13 б.
Әлиман Жәнібек. Кияку өлген күн..: [Жазушы Т. Әбдіктің 80 жасына орай «Тозақ оттары жымыңдайды» повесі туралы] //EGEMEN QAZAQSTAN.- 2022.- 29 қыркүйек. — 13 б.
Әлмашұлы Ж. Адалдық алаңындағы қаламгер: (драматург, жазушы Төлен Әбдік туралы сөз) //Егемен Қазақстан.- 2012.- 4 қыркүйек. — 7 б.
Әлімақын Дүйсенәлі. Нобель сыйлығына лайық қазақ қаламгерлері //ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ.- 2022.- 17 маусым (№ 24). — 20 б.
Бейілхан Ербол. Ұрпақтар сабақтастығын үндестірген қаламгер: [Жазушы Т. Әбдіктің 80 жасына орай] //ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ.- 2022.- 16 қыркүйек (№ 36). — 8 б.
Есенжол Азамат. Ұлт болмысын бейнелеген: [Жазушы Т. Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесі туралы] //EGEMEN QAZAQSTAN.- 2022.- 1 қыркүйек. — 13 б.
«Жақсы адамның жолдан таюы — үлкен трагедия»: [Жазушы Т. Әбдік «Қазақ әдебиеті» газетінде қонақта] / Сұхбаттасқан Асылан Қуанышұлы//ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ.- 2022.- 21 қазан (№ 41). — 4 — 5 б.
«Жалқаулық маған керек емес шығармаларды жазбауға үйретті»: [Жазушы Т. Әбдік «Қазақ әдебиеті» газетінде қонақта] /СұхбаттасқанАсылан Қуанышұлы//ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ.- 2022.- 28 қазан (№ 42). — 10 б.
Жеңісұлы Есей. Сұңғыла: [Жазушы Т. Әбдіктің 80 жасына орай] //ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ.- 2022.- 16 қыркүйек (№ 36). — 7 б.
Жылқыбай Досхан. Басты мотив — оралу: [Жазушы Т. Әбдіктің 80 жасына орай] //ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ.- 2022.- 16 қыркүйек (№ 36). — 9 б.
Исабеков Дулат. Төлен қазақтың философиялық прозасын дамытты: [Жазушы Т. Әбдіктің шығармашылығы туралы] //ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ.- 2022.- 16 қыркүйек(№ 36).- 6 б.
Қазақстанның Құрметті жазушылары: [Қазақстанның бес жазушысына Жазушылар одағының әдеби жыл қорытындысында Қазақстанның Құрметті жазушысы атағы берілді] / «Қазақ әдебиеті»//ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ.- 2022.- 27 мамыр (№ 21). — 2 б.
Қасенова Р. Өз-ағаң негізін қалаған өміршең музей: [жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Т. Әбдік және Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайы туралы] //Мәдени мұра.- 2016.- № 5. — 50 — 54 б.
Қорғасбек Ж. Аңыз Төлен Әбдік: [қазақ жазушысы Т. Әбдік туралы] //Ақ желкен.- 2019.- № 2. — 9 — 15 б.
Құрманғали Қ. Төлен туралы толғаныс: [драматург, жазушы Т. Әбдікке 70 жыл] //Егемен Қазақстан.- 2012.- 7 — 13 қыркүйек (№ 37). — 10, 15 б.
Медетбек Темірхан. Төлен Әбдік: [Жазушы Т. Әбдіктің 80 жасына орай] //ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ.- 2022.- 16 қыркүйек (№ 36). — 6 б.
Мұхамеджанов Еркін. Тұңғиық: [Жазушы Т. Әбдіктің 80 жасына орай]//ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ.- 2022.- 16 қыркүйек (№ 36). — 9 б.
Нұрғалымұлы Ұ. Қаламгерге құрмет: [мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы Т. Әбдік 75 жаста] //Егемен Қазақстан.- 2017.- 6 қыркүйек. — 12 б.
Нұржеке-ұлы Бексұлтан. Әділдіктің бәйгесінде ат оздырып келеді: [Жазушы Т. Әбдіктің 80 жасына орай] //ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ.- 2022.- 16 қыркүйек (№ 36). -7 б.
Парасат майданы: [Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері жазушы Төлен Әбдікұлымен сұхбат] / Сұхбаттасқан Сәкен Сыбанбай//Мағжан.- 2021.- №2. — 42 — 48 б.
Саршаев Н. Әрі ақын, әрі жазушы: [қазақ әдебиетіндегі қаламгерлер туралы] //Egemen Qazaqstan.- 2019.- 27 маусым. — 10 б.
Сәрсенхан Батырхан. Қос әңгіме баяны: [Орыс жазушысы А. Чеховтің «Чиновниктің ажалы» және жазушы Т. Әбдіктің «Қайырсыз жұма» әңгімесіне әдеби талдау] //EGEMEN QAZAQSTAN.- 2022.- 1 қараша. — 12 б.
Сәрсенхан Б. Төлен Әбдіктің кейіпкерлері: [жазушы Т. Әбдіктің шығармашылығы туралы]//Қазақ әдебиеті.- 2019.- 5 — 11 сәуір (№ 14). — 3 б.
Сәрсенхан Батырхан. Парасат майданы: [Жазушы Т. Әбдіктің 80 жасына орай «Парасат майданы» повесіне талдау] / Б., Сәрсенхан.//EGEMEN QAZAQSTAN.- 2022.- 29 қыркүйек. — 13 б.
Сейіл Айгүл. Құнды естеліктер ескірмейді: [Жазушы Т. Әбдіктің 80 жасына орай] //ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ.- 2022.- 16 қыркүйек (№ 36). — 8 б.
Сыбанбай С. Ақиқат жоқшысы: Қазақтың көрнекті жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Төлен Әбдікұлы туралы сыр-толғаныс //Егемен Қазақстан.- 2017.- 5 қыркүйек. — 10 б.
Сыбанбай Сәкен. Адам жанын тазартатын жазушы: [Жазушы Т. Әбдіктің шығармашылығы туралы]//ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ.- 2022.- 16 қыркүйек(№ 36). — 1, 4 -5 б.
35. Тоқсанбай Қ. Адам жанының археологы: [Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Т. Әбдікұлының 70 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеш]//Егемен Қазақстан.- 2012.- 20 қазан. — 12 б.