2022 жылы ұлтымыздың ұлы ұстазы, қазақ ағартушысы, мемлекет қайраткері, лингвист ғалым, әдебиеттанушы, түркітанушы, ақын және аудармашы, қоғам қайраткері және саяси публицист, реформатор, Алаш партиясының мүшесі Ахмет Байтұрсыновтың (1872-1937) туғанына 150 жыл толады. Кезінде қуғын-сүргінге ұшыраған оның есімі жарты ғасырдан астам уақыт бойы аталмай, Қазақстан тарихынан лайықты орын ала алмады.
Биыл «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми және әдеби шығармашылығына арналады.
2022 жылы «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша еліміз Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығын келесі бағыттар бойынша зерттейтін болады:
- «Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы»;
- «Ахмет Байтұрсынұлының әдеби шығармалары»;
- «Ахмет Байтұрсынұлының қанатты сөздері»;
- «Қазіргі ғылымдағы Байтұрсыновтану».
«Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны – «Қырық мысал», «Маса»; «Қазақ» газетінің қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты, біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер!»
М. Әуезов
Ахмет Байтұрсынұлы бұрынғы Торғай уезінің Тосын болысында, шаруаның жанұясында дүниеге келген. Алғашында ауылда білім алып, кейін Торғайдағы орыс-қазақ училищесі (1886-1891) мен негізін Ыбырай Алтынсарин қалаған Орынбордағы мұғалімдер мектебін (1891-1895) тәмамдаған.
Мұғалімдік қызмет жолын 1895 жылы бастаған. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінің ауыл, болыс училищелерінде сабақ берген. 1905 жылы саяси қызметке көшіп, «Қарқаралы петициясы» авторларының бірі атанды. Бұл құжатта жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру істеріне қазақ елінің мүддесіне сәйкес өзгерістер енгізу, ар-ождан бостандығы, дін ұстану еркіндігі, цензурасыз газет шығару және баспахана ашуға рұқсат беру, күні өткен Дала ережесін қазақ елінің мүддесіне сай заңмен ауыстыру мәселелері көтерілді. 1907 жылы алғаш патша әкімшілігін сынаған адам ретінде қамауға алынып, 1909 жылы губернатор Тройницкийдің бұйрығымен тағы да тұтқындалды. грамматики.
Дәл осы кезеңде ол қазақ тілі білімі мен тіл оқыту әдістемесі бойынша ғылыми ізденістерін жүргізіп, ұлттық жазу реформасын дайындап қана қоймай, қазақ тілі грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша атау береді.
Ахмет Байтұрсынұлы — қазақ әліпбиінің алғашқы авторы. Ол «Тіл – құрал», «Оқу құралы», «Тіл жұмсар», «Баяншы» іспетті еңбектер мен түрлі хрестоматияларды жазған. Әдістемелік бұл құралдар әлі күнге дейін қазақ тілі білімі мен тіл оқыту әдістемесі саласындағы ғалымдардың қолданысына ие.
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазып шыққан. Онымен қоса қазақ графикасын жасауға кіріседі. Араб таңбаларын қазақ фонетикасына икемдейді, ол үшін қазақ дыбыстары жоқ таңбаларды алфавиттен шығарады, арабша таңбасы жоқ дыбыстарына таңба қосады, қазақ тілінің жуанды — жіңішкелі үндестік заңына сай жазуға ыңғайлы дәйекші белгі жасайды.
Сөйтіп, 24 таңбадан тұратын өзі «қазақ жазуы» деп, өзгелер «Байтұрсынов жазуы» деп атаған қазақтың ұлттық графикасын түзеді. Одан осы жазуды үйрететін әліппе жазды. Сөйтіп, оқу-ағарту идеясына сол кездегі интелегенция жаппай мойын бұрды.
1911-1912 жылдары Уфа мен Орынбор қалаларының баспаханаларында жарық көрген Ахмет Байтұрсынұлының әліппесі «Оқу құралы» деген атпен 7 рет қайта басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі кең пайдаланылды. 1926 жылы ғалым «Әліп-бидің» жаңа түрін жазды.
Сол кезде оның атақты «Тіл – құрал» атты үш бөлімнен тұратын, үш шағын кітап болып жарияланған оқулықтар жазылды.
Ахметтің тағы бір зор еңбегі – терминдерді жасау. Бұдан бөлек, ғалым қазақ тілі грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша атау ұсынды.
Осы күні қолданылып жүрген зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз деген сияқты сан алуан лингвистикалық атаулардың баршасы – ғалымның жазып кеткен мұрасы.
1913 жылы Байтұрсынұлы Ә.Бөкейхан, М.Дулатұлымен бірігіп, қалың қазақ зиялыларының қолдауымен Орынборда тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарды. Оның бас редакторлығындағы газет қазақ халқын өнер, білімді игеруге мәселелерін қозғады. 1918 жылдың күзіне дейін шығарылғанның өзінде «Қазақ» газеті ұлттық қоғамдық-саяси және ғылыми-әдеби басылымдардың негізгі газетіне айналды.
1917 жылғы төңкерістен кейін, «Алаш» партиясының мүшесі А.Байтұрсынұлы Қазақ әскери-революциялық комитеті төрағасының орынбасары ретінде сайланды. 1922 жылы Өлкелік халық комиссариаты жанындағы Академиялық орталықтың, 1922–1925 жылы Халық ағарту комиссариаты ғылыми-әдеби комиссиясының, Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының төрағасы болып қызмет атқарды.
1921–1925 жылы Орынбордағы, 1926–1928 жылы Ташкенттегі Қазақ халық ағарту институттарында қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениет тарихы пәндерінен сабақ берді. 1928 жылы Алматыда Қазақ мемлекеттік педагогика институтының ашылуына байланысты ректордың шақыруымен осы оқу орнына профессор қызметіне ауысты. Оның атымен аталған Байтұрсынұлы әліпбиі қазақ тілінің табиғатына бейімделген араб жазуы негізінде жасалды. Кезінде қазақ халқын сауатсыздықтан арылтқан «Жаңа Емле» төте жазуын бүгінде Қытай, Ауғанстан, Иран елдерінде тұратын қандастарымыз әлі де пайдаланады.
1929 жылы 2 маусымда 43 Алаш қозғалысы қайраткерлерімен бірге ол Алматыда тұтқынға алынып, жылдың соңына қарай тергеу үшін Мәскеу абақтысына жөнелтілді. КСРО Халық комиссарлар кеңесі жанындағы ОГПУ «үштігінің» 1930 ж. 4 сәуірдегі шешіміне сәйкес, Байтұрсынұлы «халық жауы» ретінде ату жазасына кесілді.
1988 жылы Ахмет Байтұрсынұлы ақталды.
Шығармашылығы
Байтұрсынұлы шығармашылық жұмысын өлең жазудан бастаған. Оның өлеңдері қазақ халқының мүддесі мен үмітінен сыр шертіп, білім мен мәдениетті насихаттады. Онда ол еңбекші халықтың ауыр халін, арман-тілегін, мұң-мұқтажын көрсетіп, жұртшылықты оқуға, білім-ғылымға, рухани биіктікке, адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырады.
Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты аударма жинағында 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрді. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой-санасын оятуға бар жігер-қайратын, білімін жұмсайды.
Байтұрсынұлының екінші кітабы — «Маса» (1911). Бұл кітапқа енген өлеңдерінде ақын қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерді сынады.
«Қырық мысал», «Маса» шығармаларында қараңғылық, енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерден арылуға шақырды. Ақын әрбір аудармасының соңына өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді мәселесін халқымыздың сол кездегі тұрмыс-тіршілігіне, мінезіне, психологиясына сәйкес қосып отырған.
Патшалық Ресейдің қанаушылық-отаршылдық саясатын, шенді-шекпендінің алдында құлдық ұрған шенеуніктердің опасыздығын сынады. Байтұрсынов Шоқан, Абай, Ыбырай қалыптастырған дәстүрлерді, гуманистік, демократиялық бағыттағы өрісті ойларды өзінше жалғастырушы ретінде көрінді. «Қазақ салты», «Қазақ, қалпы», «Досыма хат», «Жиған-терген», «Тілек батам», «Жауға түскен жан сөзі», «Бақ» және тағы басқа өлеңдерінің мазмұны осыны танытады.
Ахмет Байтұрсынұлы халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап жарыққа шығаруға зор үлес қосты. Қазақтың «Ер Сайын» атты эпостық жырына алғы сөз бен түсініктемелер жазып, оны 1923 жылы Мәскеуде шығарды.
Бұдан бөлек, қазақ ауыз әдебиетінде молынан сақталған жоқтау-жырларын арнайы жүйелеп, 1926 жылы «23 жоқтау» деген атпен жеке кітап етіп жариялады.
Байтұрсынұлының қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет тарихы жөніндегі тұңғыш көлемді еңбегі — «Әдебиет танытқыш» (1926). Автор әдебиет тарихына, теориясы мен сынына, методологиясына тұңғыш рет тиянақты анықтама беріп, қазақ әдебиеттану ғылымының жүйесін жасады.
Ахмет Байтұрсыновтың қанатты сөздері.
Ахмет Байтұрсынов бізге жеткен қанатты сөздерінде қазақ халқының тағдырына қатысты өз ойларын, идеяларын, ойлары мен уайымдарын жеткізе білді.
***
«Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шықсын?!»
***
«Бала бастауыш мектепте бар пәнді тек ана тілінде ғана оқуы керек»
***
«Тіл адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі»
***
«Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды»
***
«Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады»
***
«Оқу жұмысының үш жағы үш нәрсеге тіреледі: бірі ақшаға, бірі құралға, бірі мұғалімге. Осы үш тіреуі бірдей тең болса, оқу қисаймай, ауытқымай, түзу жүреді»
***
«Оқу құралының ең ұлығы – бала оқытатұғын кітап»
***
«Бізде тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек, ӛзгелерше әуелі ӛз тілімізбен оқытып, сонан сон басқаша оқыту тиіс»
***
«Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді»
***
«Тіл адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі».
***
«Жер мәселесі – қазақтың тірі я өлі болуының мәселесі»
***
«Білімді болуға – оқу, бай болуға – кәсіп, күшті болуға – бірлік керек»
***
«Адамға ең қымбат нәрсе – жұрт қамы, жұрт ісі».
Ахмет Байтұрсынұлының бюсті, Алматыдағы аттас көшедегі мұражай үйінің жанында
Ахмет Байтұрсынов және оның әйелі Бадрисафа (Александра Ивановна)
Әдебиеттер
***
- Байтұрсынов Ахмет // Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясы. 2 т. — Алматы, 1999. — 2 т. – 72-77б.
- Байтұрсынов Ахмет // Қазақ ССР: қысқаша энциклопедия. 4 т. — Алматы, 1989. — 4 т. — 167 б.
- Байтұрсынов Ахмет // Қазақ әдебиеті: энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы, 2005. – 112 — 114 б.
- Байтұрсынов Ахмет // Қазақстан тарихы: энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы, 2010. – 111 — 113 б.
***
- Байтұрсынов А. Ақ жол: өлеңдер мен тәржімелер, публистикалық мақалалар және әдеби зерттеу / А., Байтұрсынов; құраст. Р. Нұрғали.- Алматы: Жалын, 1991.- 463 б.
- Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш: зерттеу мен өлеңдер / А., Байтұрсынов.- Алматы: Атамұра, 2003.- 206 б.- (Атамұра кітапханасы).
- Байтұрсынов А. Шығармалары: өлеңдер, аудармалар, зерттеулер / А., Байтұрсынов.; құраст. Ә. Шәріпов, С. Дәуітов.- Алматы: Жазушы, 1989.- 319 б.
- Байтұрсынұлы А. Алты томдық шығармалар жинағы. Т. 1 / А., Байтұрсынұлы.- Алматы: Ел-шежіре, 2013.- 382 б.: портр.
- Байтұрсынұлы А. Алты томдық шығармалар жинағы. Т. 2: оқу құралы / А., Байтұрсынұлы.- Алматы: Ел-шежіре, 2013.- 391 б.: портр.
- Байтұрсынұлы А. Алты томдық шығармалар жинағы. Т. 3: Тіл-құрал (қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбектері) / А., Байтұрсынұлы.- Алматы: Ел-шежіре, 2013.- 382 б.: портр.
- Байтұрсынұлы А. Алты томдық шығырмалар жинағы. Т. 4: Әліппелер мен мақалалар жинағы. (Төте жазудағы тұңғыш әліппелер және ұлттық баспасөздің негізін қалаған көсем сөздер) / А., Байтұрсынұлы.- Алматы: Ел-шежіре, 2013.- 382 б.: портр.
- Байтұрсынұлы А. Алты томдық шығармалар жинағы. Т. 6: Мақалалар, хаттар. А. Байтұрсынұлы туралы құжаттар мен материалдар / А., Байтұрсынұлы.; құраст. Р. С. Имаханбет. — Алматы: Ел-шежіре, 2013.- 382 б.: портр.
- Байтұрсынұлы А. Бастауышқа арналған оқу кітәбі / А. Байтұрсынұлы, Т. Шонанұлы. — Алматы: Мемлекеттік тілді дамыту институты, 2019.- 143 б.
- Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы: өлеңдер, әдеби-ғылыми, зерттеулер. Т. 1 / А., Байтұрсынұлы.- Алматы: Жібек жолы, 2002.- 207 б.- (Алаш мұрасы).
- Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы: оқу құралы. 2-ші том / А., Байтұрсынұлы.- Алматы: Алаш, 2002.- 478 б.- (Алаш мұрасы).
- Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. Т. 3: Тіл-құралы (қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбектері) / А., Байтұрсынұлы.- Алматы: Алаш, 2005.- 352 бет.- (Алаш мұрасы).
- Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. Т. 4: Әліппелер мен мақалалар / А., Байтұрсынұлы.- Алматы: Алаш, 2006.- 319 б.- (Алаш мұрасы).
- Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. Т. 5: Ер Сайын. 23 жоқтау. Мақалалар / А., Байтұрсынұлы.- Алматы: Алаш, 2006.- 287 б.- (Алаш мұрасы).
- Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы: өлеңдер, әдеби-ғылыми зерттеулер. 1 т. / А., Байтұрсынұлы; құраст. А. Ісімақова.- Алматы: Алаш, 2003.- 408 б. — (Алаш мұрасы).
- Байтұрсынұлы А. Жан сөзімді кім түсінеді?: өлеңдері мен аудармалары / А., Байтұрсынұлы.- Алматы: Қазақстан, 1994.- 112 б.
- Байтұрсынұлы А. Жоқтау: жоқтау жырлары / А., Байтұрсынұлы.- Алматы: Қазақстан, 1993.- 94 б.
- Байтұрсынұлы А. Қазақ тіл білімінің мәселелері / А., Байтұрсынұлы.; құраст. Ғ. Әнес.- Алматы: Абзал-ай, 2013.- 639 б.: фотосурет.
- Байтұрсынұлы А. Қырық мысал: Өлеңдер / А., Байтұрсынұлы.- Алматы: Жазушы, 2002.- 119 б.- (Мектеп кітапханасы).
- Байтұрсынұлы А. Маса: өлеңдер мен көсемсөздер / А., Байтұрсынұлы.- Алматы: Раритет, 2005.- 208 бет.- (Жыр жауһары. «Алтын қор» кітапханасы).
- Байтұрсынұлы А. Мәңгілік мекен: поэзия / А., Байтұрсынұлы.- Алматы: Жалын, 2008.- 111 б.
***
- Адамбаева Ж. Қазақ әдебиеті: хрестоматия: оқу орыс тілінде жүретін мектептердің 7-сыныбына арналған оқу құралы / Ж., Адамбаева.; құраст. А. Адамбаев, Ж. Дәулетбекова, Н. Әбішева.- Алматы: Білім, 2003.- 119 б.
- Әбдіманов Ө. «Қазақ газеті» / Ө., Әбдіманов.- Алматы: Қазақстан, 1993.- 167 б.
- Әбдиманұлы Ө. Ахмет Байтұрсынұлы: зерттеу-эссе / Ө., Әбдиманұлы.- Алматы: Арда, 2007.- 296 б.- (Тарихи. Тұлға. Тағлымы).
- Әбілқасымова К. Қазақ әдебиеті: оқу кітабы: орыс, ұйғыр, өзбек мектептерінің 6 сыныбына арналған оқулық / К., Әбілқасымова.; К. Әбілқасымова, С. Мақпырұлы, Б. Әрінова.- Алматы: Бiлiм, 2002.- 107 б.
- Әбілқасымова К. Қазақ әдебиеті: орыс мектептерінің 6-сыныбына арналған оқулық / К. Әбілқасымова, С. Мақпырұлы, Б. Әрінова.; сурет. О. Казанцева, Қ.Шүкірбеков. — 3-ші бас.- Алматы: Білім, 2004.- 95 б.: сурет.
- Әдебиет: жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған: хрестоматия / құраст. К. Ісләмжанұлы, Р. Баттал.- 2-ші бас.- Алматы: Атамұра, 2006.- 144 б.
- Білімдіден шыққан сөз: (афоризмдер жинағы) / құраст. Н. Балмаханұлы.- Астана: Ер-Даулет, 2007.- 159 б.- (Мемлекеттік тіл-тұғырың).
- Кәкішев С. Ахан туралы ақиқат / С., Кәкішев.- Алматы: Қазақстан, 1992.- 108 б.
- Кеңбейіл М. Замандастар заңғары: әдеби-танымдық, сыни, зерттеу еңбектер / М., Кеңбейіл.; сурет. Н. Нұрмұханбетов.- Алматы: Арыс, 2009.- 308 б.: фотосурет.- (Зерде).
- Қабдолов З. Шығармалары. Т. 4: Төрт арыс: оқулыққа қосымша: талдаулар. Үш алып: оқулыққа барар жол: толғаулар. Ғылыми зерттеулер: талдаулар мен толғаулар / З., Қабдолов.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2013.- 318 б.: портр.
- Қозыбаев М. Қ. Шығармалары. Т. 4: Өркениет өрінде. Ұлт болмысы. Өркениет маршруты-тәуелсіздік / М.Қ., Қозыбаев.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2013.- 326 б.: портр.
- Қойшыбаев Б. О. Жазықсыз жапа шеккендер / Б.О., Қойшыбаев.- Алматы: Қазақстан, 1990.- 167 б.
- Мемлекеттік тіл: бүгіні мен болашағы: А. Байтұрсынұлының 125 жылдығына арналған республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары: жинақ / құраст. Т. Ж. Алпысбаев ж. б.- Астана: Елорда, 1998.- 250 б.
- Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры: зерттеу / Р., Нұрғали.- Астана: Күлтегін, 2002.- 526 б.
- Нұрпеіс К. Тарихи тұлғалар / К., Нұрпеіс.; Бас ред. Б. Аяған.- Алматы: Қазақ энциклопедиясының, 2007.- 376 б.- (Қазақ энциклопедиясының» кітапханасы: «Тұлғалар»)
- Оразалы С. Шығармалар жинағы: тіл туралы толғаныстар. 3-томдық. Т. 2: Оркениет мәйегі / С., Оразалы.- Алматы: Таймас, 2011.- 384 б.: портр., фотосурет.
- Тарих адамзат ақыл-ойының қазынасы: 10 томдық. Т. 10: Түркі халықтарының тарихи ойы.- Астана: Фолиант, 2006.- 391 б.- (Мәдени мұра).
- Шонанұлы Т. Үш томдық шығармалар жинағы: шығармалары. Т. 3: Шығармалары. Т. Шонанұлы туралы материалдар / Т., Шонанұлы.- Алматы: Ел-шежіре, 2013.- 382 б.
- Ысмағұлов Ж. Алтын ғасырдың ақ таны / Ж., Ысмағұлов.- Алматы: Арыс, 2009.- 499 б.- (Зерттеу).
***
- Әуелгі әсерлер: [ақын А. Құнанбайұлы туралы қазақ зиялылары] / А. Байтұрсынұлы, Ә. Бөкейханов, М. Дулатұлы, С. Мұқанов. // Қазақ әдебиеті.- 2015.- 7 — 12 тамыз (№30). — 10 б.
- Байтұрсынұлы А. Әңгіме жазудан романтануға дейін: [әдебиеттанушы Н. Ақыштың зерттеу еңбектері туралы] / А., Байтұрсынұлы. // Қазақ әдебиеті.- 2010.- 6 — 12 тамыз (№ 30). -7 б.
- Байтұрсынұлы А. Ғалымжан Ибраһимов түркі-татар ойшысы, түркі-татар білгірі, түркі-татар жазушысы: [ақын, жазушысы А. Байтұрсынұлының «Біздің юл» журналындағы Ғ. Ибраһимов туралы мақаласы] / А., Байтұрсынұлы. // Егемен Қазақстан.- 2016.- 27 қаңтар. — 6 б.
- Байтұрсынұлы А. Иттің достығы: [өлең] / А., Байтұрсынұлы. // Ана тiлi.- 2005. — 29 қыркүйек — 5 қазан. — 16 б.
- Байтұрсынұлы А. Қалам қайраткерлері жайынан: [А. Байтұрсынұлының мақаласындағы көтерілген мәселелер бүгінгі күні де көкейкестілігін жойған жоқ] / А., Байтұрсынұлы. // Ana tili.- 2018.- 6 — 12 қыркүйек (№ 37). — 3 б.
- Байтұрсынұлы А. Қырағы, қия жазбас, сұңқарым-ай!..: (Әлиханға) / А., Байтұрсынұлы. // Ана тілі.- 2016.- 14 — 20 қаңтар (№ 2). — 1 б.
***
- Абдирова Ж. Б. Ахмет Байтұрсынұлы «Егіннің бастары». Мысалы. «Әке өсиеті».
Ахмет атаға хат: [ақын А. Байтұрсынұлы «Егіннің басы», «Әке өсиеті» өлеңдеріне арналған
сабақ] / Ж.Б., Абдирова. // Қазақ тілі мен әдебиеті.- 2020.- № 7. — 81 — 89 б.
- Аққұлұлы Сұлтан Хан. «Қырық мысал» жинағының «Тар жол, тайғақ кешкен» тарихы: Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл және Ахмет Байтұрсынұлының туғанына150 жыл толуына арналады / С.Х., Аққұлұлы. // Жас АЛАШ.- 2021.- 27 мамыр. — 10 — 11 б.
- Алаш ардақтыларына құрмет: [Қазақстан Президенті Қ-Ж. Тоқаев Елордада Алаш қайраткерлеріне арналған ескерткіштің ашылу рәсіміне қатысты] / Президенттің баспасөз қызметі // EGEMEN QAZAQSTAN.- 2021.- 5 шілде. — 2 б.
- Алыптар шоғырының айбоздары: Қарқаралыда алаш арыстарына ескерткіш қойылды // Қазақ әдебиеті.- 2019.- 30 тамыз (№ 34). — 1 б.
- Асқар И. Ахаңның ұстаздығы Қарағаштан басталған: [ақын, ұстаз А. Байтұрсынұлының ұстаздық қызметі туралы деректер] / И., Асқар. // Egemen Qazaqstan.- 2020.- 1 желтоқсан. — 15 б.
- Аханбайқызы Айгүл. «Соңғы үкім»: [Алматыда А. Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған «Соңғы үкім» фильмінің түсірілімі басталды] / А., Аханбайқызы. // EGEMEN QAZAQSTAN.- 2021.- 18 қараша. — 16 б.
- Ахаңның мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталуы керек: [Сенат депутаты А. Нухұлы бастаған бірқатар сенаторлар ҚР Премьер-Министрінің атына Ұлт ұстазы, қазақ тілі білімінің негізін салушы қайраткер Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО деңгейінде атап өту ұсыныстар жолдады] // SARYARQA SAMALY.- 2021.- 25 ақпан. — 1, 6 б.
- Ахаңның тойы — елімізге абырой: [«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Алаш қозғалысының рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын 2022 жылы мемлекеттік деңгейде атап ету мақсатында Үкімет тарапынан тиісті жұмыстар ұйымдастырылуда», делінген хабарламада] // SARYARQA SAMALY.- — 8 сәуір. — 16 б.
- Әбдіқалық Күнімжан. Оқыту әдістемелігі өзімізде жасалған: [XX ғасырда қазақ тілі мен әдебиетінен оқыту әдістемесін жазған А. Байтұрсынұлы, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытовтың ғылыми еңбектері туралы] / К. Әбдіқалық, А. Ермахан. // ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ.- -12 ақпан (№ 6). — 20 б.
- Әбжанов Х. Ахмет Байтұрсынұлы және тарих: [Алаш қайраткері, жазушы А. Байтұрсынұлы туралы] / Х., Әбжанов. // Aqiqat.- — № 10. — 70 — 74 б.
- Әбсадық А. Ахаңның тырнақалды мақаласы: [ақын А. Байтұрсынұлының 1895 жылы «Тургайская газета» басылымының № 39 санында жарияланған «Киргизские приметы и пословицы» атты тырнақалды мақаласы туралы] / А., Әбсадық. // Egemen Qazaqstan.- — 10 маусым. — 9 б.
- Әбілда Қ. Алаш ардақтылары — Қарқаралы төрінде: [Қарқаралыда Алаш ардақтылары А. Байтұрсынұлына, Ә. Бөкейханға және Ә. Ермековтің тұлғаларына ескерткіш қойылды] / Қ., Әбілда. // Egemen Qazaqstan.- 2019.- 29 тамыз. — 16 б.
- Әнес Ғ. Ұлттың ұлы ұстазы: (Ағартушының педагогикалық еңбектері хақында) / Ғ., Әнес. // Ana tili.- 2020.- 3 — 9 қыркүйек (№ 34). — 1 — 2 б.; Ana tili.- 2020.- 17 — 23 қыркүйек (№ 38). — 1 — 2 б.; Ana tili.- 2020.- 10 — 16 қыркүйек (№ 36 — 37). — 1, 4 б.
- Әнесұлы Ж. Ахаңның «Әліпбиі», М. Дулатовтың Түркістанға сапары: [Алаш қайраткерлері, жазушылары А. Байтұрсынұлы мен М. Дулатов туралы] / Ж., Әнесұлы. // Aqiqat.- — № 11. — 59 — 64 б.
- Әнесұлы Жұмат. Жүз жылға созылған қуғын: немесе ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туыстары мен өзінің қиын-қыстау жылдардағы тағдыры / Ж., Әнесұлы. // EGEMEN QAZAQSTAN.- — 3 ақпан. — 11 б.
- Байшураева С. Ахмет Байтұрсынұлының «Ақын ініме» өлеңі: [ақын, ұстаз, А. Байтұрсынұлының «Ақын ініме» өлеңіне арналған сабақ] / С., Байшураева. // Қазақ тілі мен әдебиеті.- 2016.- № 5. — 77 — 79 б.
- Бахаева М. Ахмет Байтұрсынұлы. «Екі шыбын»: [ақын, ұстаз, А. Байтұрсынұлының «Екі шыбын» өлеңіне арналған сабақ] / М., Бахаева. // Қазақ тілі мен әдебиеті.- 2016.- № 4. — 55 — 57 б.
- Бектас Г. Азаттық аңсаған алаштықтар: [қазақ халқы Алаштың 100 жылдығын атап өтті] / Г., Бектас. // Айқын.- 2017.- 30 желтоқсан. — 7 б.
- Бектас Г. Алаш ұстанымы — ұлттық жаңғыру ұстыны: [Алаш қозғалысының құрылғанына — 100 жыл] / Г. Бектас, А. Исләмбек, А. Салықұлы. // Айқын.- 2017.- 22 қыркүйек.- 5 б.
- Бектұр Айым. Комиссия әділеттілікті қалпына келтіре ме?: [Мемлекет басшысы Қ-Ж. Тоқаев 2020 жылғы 24 қарашада «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Жарлыққа қол қойған болатын] / А., Бектұр. // AIQYN.- 2021.- 1 маусым. — 5 б.
- Бектұр Айым. «Ұлт ұстазы» : Ахмет жайлы бірер сөз: [Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы қарсаңында сериал түсірілді] / А., Бектұр. // AIQYN.- — 22 желтоқсан. — 1, 5 б.
- Белдеубай Дағжан. Алаштың ары: Ахмет Байтұрсынұлының Алматыдағы мұражай- үйі мемлекет меншігіне өтті / Д., Белдеубай.//ANA TILI.- 2021.- 14 — 20 қазан (№ 41). — 1,3 б.
- Біләл Ш. Ұлт тұғыры — тілінде: [қазақ жазушысы, ақын А. Байтұрсынұлының тіл жөніндегі еңбектері туралы] / Ш., Біләл. // Ақиқат.- — № 9. — 50 — 65 б.
- Дәулетбекова Жанат. Абайтану: ұлт ұстазының алғашқы соқпағы: [Ақын А. Құнанбайұлының шығармашылығы туралы А. Байтұрсынұлының мақаласына талдау] / Ж., Дәулетбекова. // ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ.- 2021.- 10 желтоқсан (№ 50). — 20 — 21 б.
- Ғалымұлы Ғ. Абайды алғаш танығандар: [Абай шығармашылығын тұңғыш таныған А.Байтұрсынұлы, Ә. Нұртазаұлы мен Н. Құлжанова туралы] / Ғ., Ғалымұлы. // Egemen Qazaqstan.- — 22 қаңтар. — 9 б.
- Елеукенов Ш. Алаштану, тәуелсіздік және поэзия: Ахмет Байтұрсыновтың өлең сөз өрнегі / Ш., Елеукенов. // Қазақ әдебиеті.- 2017.- 4 — 10 тамыз (№ 32). — 13 б.
- Есенжол Азамат. Аманатқа адалдық: [Қостанадайғы «А. Байтұрсынұлы мен М. Дулатұлының әдеби мұражайындағы» А. Байтұрсынұлының екі кітабының түпнұсқасы сақталған] / А., Есенжол. // EGEMEN QAZAQSTAN.- — 27 қаңтар. — 13 б.
- Есенжол Азамат. Ахаңның мерейтойы өткен ғимарат: [Ақын А. Байтұрсынұлының Орынбордың ең үлкен залы Свердлов атындағы клубында өткен 50 жылдығы туралы] / А., Есенжол. // EGEMEN QAZAQSTAN.- 2022.- 31 қаңтар. — 12 б.
- Жақыпов Ж. Ахмет Байтұрсынұлының татар тіліндегі мақаласы табылды: [Татарстанның «Біздің юл» (Біздің жол) журналының 1928 жылғы 2-санындағы мақаласы туралы] / Ж., Жақыпов.//Егемен Қазақстан.- 2016.- 27 қаңтар. — 6 б.
- Жәрімбетова Н. Әулиекөлге Ахаң келді: [Әулиекөлде ақын, қоғам қайраткері А. Байтұрсыновқа ескерткіш қойылды] / Н., Жәрімбетова. // Егемен Қазақстан.- 2016.- 7 қыркүйек. — 8 б.
- Жолдасбеков Мырзатай. Төрлет, Әліппе!: [Жаңа «Әліппе» оқулығы туралы] / М., Жолдасбеков. // EGEMEN QAZAQSTAN.- — 23 тамыз. — 5 б.
- Жолмухамбетова В. Алаш қайраткерлерінің мемлекеттік туралы идеяларының өзектілігі мен маңыздылығы: [Алаш қайраткерлері туралы] / В., Жолмухамбетова. // Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар.- 2020.- № 4. — 13 — 18 б.
- Жұбаева О. Ахмет Байтұрсынұлы еңбектеріндегі жіктеу парадигмасының берілуі/ О., Жұбаева. // Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде / Казахский язык.- — № 2. -5 -25 б.
- Жұмабайқызы Г. Ахаңның үйі жекенің иелігінде: [ұлт ұстазы, ағартушы-ғалым А. Байтұрсынұлының тұрған үйінің жеке қор иелігінде екендігі жайлы] / Г., Жұмабайқызы. // Айқын.- 2020.- 5 ақпан. — 7 б.
- Жұмағұл С. Ұлт ұстазы: Ахмет Байтұрсынұлының нақыл сөздері / С., Жұмағұл. // Juldyz.- 2020.- № 11. — 166 — 171 б.
- Жұртбай Т. Жағымсыз кейпкерлер немесе «Әдебиет танытқыштан» — әдеби тәжірибеге: (А. Байтұрсынұлының әдебиеттану терминдері және кеңесік қазақ әдебиетіндегі жағымсыз образдардың идеялық астары) / Т., Жұртбай. // Жас Алаш.- 2019.- 4 маусым. — 6 б. Басы өткен санда.
- Жұртбай Т. Ұлт ұстазы: (Ахмет Байтұрсынов және Біртұтас Алаш идиясы) / Т., Жұртбай. // Жас Алаш.- 2019.- 23 сәуір. — 1, 5 б.
- Жүсіп Э. Алаш арысы А. Байтұрсынов / Э., Жүсіп. // Қазақ тарихы.- — № 3.- 2-3б.
- Имаханбет Райхан. Тарихи тұлға — жекешелеп алатын зат емес: [А. Байтұрсынұлы атындағы мұражай-үйі «Тіл — құрал» ОӘҒЗО директоры Р. Иманханбетпен мұражай- үйі мемлекет қарауына берілген туралы әңгіме] / Р., Имаханбет.; Әңгімелескен Айым Бектұр // AIQYN.- 2021.- 16 қазан. — 6 б.
- Имаханбет Райхан. Қазақ мәдениетінің Хантәңірі: [Ақын А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің зертханалық музейі туралы] / Р. Имаханбет, П. Айынова. // ANA TILI.- 2021.- 11 — 17 наурыз (№ 10). — 6 б.
- Кабдыгалиева Б. Т. А. Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысал өлеңін талдау: [ашық сабақ] / Б.Т., Кабдыгалиева. // Жақия.- 2020.- № 2. — 26 — 27 б.
- Кекілбайұлы Ә. Ең бірінші боп..: [ақын, қоғам қайраткері А. Байтұрсынұлы туралы] / Ә., Кекілбайұлы. // Ana tili.- 2018.- 6 — 12 қыркүйек (№ 37). — 3 б.
- Қайратұлы Б. Алаш арыстарының Шәуешекке сапары: [Алаш арыстарының Қытай еліне сапары туралы] / Б., Қайратұлы. // Egemen Qazaqstan.- — 21 қаңтар. — 12 б.
- Қазаққа «қазақ» атауын қайтарған — Ахмет Байтұрсынұлы: [А. Байтұрсынұлы атындағы музей-үйдің директоры Р. Имаханбетпен сұхбат] / Сұхбаттасқан Мөлдір Райымбекова // ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ.- — 22 қазан (№ 43). — 17 б.
- Қамзабекұлы Дихан. «Әдебиет танытқыш» — әлемдік құндылық: [Ақын, әдебиет зерттеушісі А. Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Әдебиет танытқыш» зерттеу еңбегі туралы] / Д., Қамзабекұлы. // EGEMEN QAZAQSTAN.- 2022.- 17 қаңтар. — 9 б.
- Қапалбек Б. Ақаңның әліппесіне қайта оралу қажет: [латын әліпбиіне көшу мәселесі] / Б., Қапалбек. // Ақиқат.- 2019.- № 9. — 51 — 53 б.
- Қозыбаев М. Ғасырдың ұлы перзенті: [ақын, қоғам қайраткері А. Байтұрсынұлы туралы] / М., Қозыбаев. // Ana tili.- 2018.- 6 — 12 қыркүйек (№ 37). — 3 б.
- Қойгелді М. Жері мен елі үшін жаға жыртысқан Ахаңдар-ай..: [ақын, қоғам қайраткері А. Байтұрсынов туралы] / М., Қойгелді. // Жас Алаш.- 2020.- 9 сәуір. — 6 б.; Жас Алаш.- 2020.- 14 сәуір. — 6 б.; Жас Алаш.- 2020.- 16 сәуір. — 6 б.
- Құлабай Н. Бестамақта жазылған беймәлім мақала: Ахмет Байтұрсынұлының тағы бір мақаласы табылды / Н., Құлабай. // Egemen Qazaqstan.- 2020.- 13 қазан. — 15 б.
- Құлабай Нұрқанат. Ахаңның үйі қалпына келеді: [Қостанай облысы Сартүбек елді мекеніндегі А. Байтұрсынұлының үй туралы] / Н., Құлабай. // EGEMEN QAZAQSTAN.- — 4 ақпан. — 12 б.
- Мәндібаева Р. Алаш партиясы — ұлттық идеологияның бастауы: [»Алаш» партиясы мен қоғам қайраткерлері туралы] / Р., Мәндібаева. // Мәдениет.- — № 10. — 2 -5 б.
- Мектеп-тегі А. «Даналық — өшпес жарық, кетпес байлық»: Ахмет Байтұрсынұлы әдістемесі / А., Мектеп-тегі. // Ana tili.- 2018.- 5 — 10 қаңтар (№ 1). — 6 — 7 б.
- Мұқаш Қ. Әл-Фарабиден Әлиханға дейінгі… ардақты аталарымыздың ермегі: [Алаш қайраткерлері туралы] / Қ., Мұқаш. // Ақиқат.- — № 7. — 104 — 111 б.
- Нұрболатовқызы Айша. Жоқ, ұмытуға болмайды!.: [Алаш қайраткері, ақын А. Байтұрсынұлының Алматыдағы музей-үйі туралы] / А., Нұрболатовқызы. // ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ.- 2021.- 2 сәуір (№ 13 — 14). — 24 б.
- Октябрь А. Ахаңды алаңдатқан Хлудов: [Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде бейнелеу өнері коллекциясында турған Н. Хлудовтың екі картинасындағы түсініксіз мәнер туралы] / А., Октябрь. // Egemen Qazaqstan.- 2020.- 3 тамыз. — 10 б.
- Омарова А. К. «Ахметтану» курсы: [10-12 сыныптарға арналған қазақ әдебиеті пәнінің оқу бағдарламасында Ахмет Байтұрсынұлы еңбегі жайлы] / А.К., Омарова. // Қазақ тілі мен әдебиеті.- — № 4. — 57 — 87 б.
- Оспанұлы С. Шетелдіктер Ахмет Байтұрсынұлы туралы: [ақын, әдебиетанушы, ағартушы А. Байтұрсыновтың шығармашылығы жайлы] / С. Оспанұлы, К. Мырзағалиева. // Қазақ тілі мен әдебиеті.- 2020.- № 2. — 14 — 23 б.
- Пармашқызы Ұ. Алып бәйтерек: [қазақ ақыны А. Байтұрсынұлы туралы] / Ұ., Пармашқызы. // Ақиқат.- 2019.- № 11. — 76 — 78 б.
- Сагидоллина Ж. Ш. Латын әліпбиіне — рухани жаңғыру талабы: [Латын әліпбиіне көшу туралы] / Ж.Ш., Сагидоллина. // Мектептегі кітапханашы / Библиотекарь в школе.- — № 2. — 7 — 8 б.
- Салқынбай А. Қазақ грамматологиясының қалыптасуы:Ахмет Байтұрсынұлының жазу теориясы: [қазақ грамматологиясының негізін қалаушы ғалым А. Байтұрсынұлы және жазудың ғылым саласы ретінде алғаш қалыптасуы жайлы сөз] / А., Салқынбай. // Қазақ тілі мен әдебиеті.- 2020.- № 10. — 3 — 16 б.
- Сәрсенбай Қали. Алаш рухымен ауырғандар адаспайды: [Алаш көсемдерінің еңбектеріндегі рух мәдениеті туралы] / Қ., Сәрсенбай. // ANA TILI.- 2021.- 18 — 31 наурыз (№ 11 — 12). — 8 б.
- Сұлтанғазиев Нұрболат. «Қазақ үшін шам қылған жүрек майын»: [Нұр-Сұлтан қаласында Алаш арыстарына ескерткіш қойылды] / Н., Сұлтанғазиев. // ANA TILI.- 2021.- 8 -14 шілде (№ 27). — 1 б.
- Сыздық Р. Феномендік құбылыс: [ақын, қоғам қайраткері А. Байтұрсынұлының «Қазақ тіл білімі» саласындағы еңбектері туралы] / Р., Сыздық. // Ana tili.- 2018.- 6 — 12 қыркүйек (№ 37). — 3 б.
- Сімәділ Қарагөз. Ұлт ұстазына оралу: [«Қазақстан» телерадиокорпорациясы»Ахмет. Ұлт ұстазы» телехикаясын түсірді] / Қ., Сімәділ. // ANA TILI.- 2021.- 9 — 15 желтоқсан (№ 49). — 1 б.
- Танзенов Д. Алаш зиялылары және ұлттық мүдде: [Алаш қайраткерлері А. Байтұрсынұлы мен М. Дулатов туралы] / Д., Танзенов. // Aqiqat.- 2020.- № 11. — 69 — 73 б.
- Тәжібаев Әбділда. «Қазақ әдебиеті» газетінің редакторына ашық хат: [Қазақ ақын-жазушылары Ш. Құдайбердіұлы, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытовты қазақ әдебиетіндегі қадірлі орындарына қайтару мәселесі] / Ә., Тәжібаев. // Naizatas.- — № 4.- 31 — 42 б.
- Төлеуханқызы А. Ахметтанушыларға арзу: «Каншеңгел» Ахмет Байтұрсынұлыныкіме, Хамитбек Мұсабаевтыкі ме? / А., Төлеуханқызы. // Egemen Qazaqstan.- — 1 тамыз. — 9 б.
- Уәлиұлы Н. Дәуірдің дара тұлғасы: [ғалым, қоғам қайраткері А. Байтұрсынұлының түзген әліпбиі туралы] / Н., Уәлиұлы. // Ana tili.- 2018.- 6 — 12 қыркүйек(№ 37). — 3 б.
- Ұлт тұлғалары ұлықталады: [2022 жылы Ұлт ұстазы А. Байтұрсыновтың 150 жылдығы мен жазушы М. Әуезовтің 125 жылдығы аталып өтеді] // EGEMEN QAZAQSTAN.- — 1 қаңтар. — 5 б.
- Ұлт ұстазының ұлы жолы: [Алаш қайраткері, ақын, ұстаз А. Байтұрсынұлының150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде және Қазақстанда тойланады] // ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ.- — 26 қаңтар (№ 4). — 11 б.
- Үсейұлы А. Әдебиет — әлем тәрбиешісі: [әдебиет — ұлт тәрбиелеуші құралының бірі жайлы] / А., Үсейұлы. // Қазақ тілі мен әдебиеті.- — № 4. — 97 — 103 б.
- Шотбайқызы А. Балдырғандар «Әліппемен» қайта қауышады: [2021 жылдан бастап «Әліппе» оқу бағдарламасына енгізіледі] / А., Шотбайқызы. // Egemen Qazaqstan.- — 23 шілде. — 1 б.
- Экранда — Ахмет Байтұрсынұлы: [Алматыда А. Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған «Соңғы үкім» фильмінің түсірілімі басталды] // ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ.- 2021.- 19 қараша (№ 47). — 3 б.
«Бір ел — бір кітап 2022» акциясы». Ұсынылатын әдебиеттер тізімі / «Павлодар қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ. Ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету бөлімі. — Павлодар, 2022. — 15 б.
Құрастырушылар: И. А. Елеусизова
Р. К. Ахметова