«Бердібек Соқпақбаев: балалар әдебиетінің классигі»

Биылғы жылы «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі, 2024 жылы 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын оқимыз. Осы атаулы датаға арналып Павлодар қаласының № 2 балалар кітапханасында «Бердібек Соқпақбаев: балалар әдебиетінің классигі» жазушы бенефисі көрнекті іс- шара шеңберінде өткізілді. Оған «Павлодар қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің» кітапханашылары және № 25 ЖОББМ 4 сынып оқушылары қатысты. Келгендер жазушының өмірбаяны жайлы ақпарат естіді. Мерейгердің шығармаларымен «Бердібек салған соқпақ» атты кітап көрмесінен танысып,
«Бердібек Соқпақбаев БАҚ беттерінде» газет-журналдар көрмесінен қызықты мәлімет алды. Атақты ақын-жазушылар айтқан Бердібек Соқпақбаев жайлы пікірлерін тыңдады. Кейін READx форматында балалар дайындаған «Аяжан», «Чемпион» атты кітаптарымен танысты. «Менің атым Қожа» фильмнің саундтрегі саналатын «Саржайлау» әні және «Жүр, досым, кітапханаға» әні кешімізді көркейтіп, жақсы көңіл-күй сыйлады. Келгендерге бенефистің бағдарламасы жазылған бетбелгілер таратылды.

 

Комментарии запрещены.