2025 жылғы 28 қаңтарда №3 көпшілік кітапханасында «Барлық құпиялар бізге ашылады!» атты библиография күні өтті. Іс-шараға №33 мектептің оқушылары қатысты. Кездесу барысында балалар энциклопедиялармен, кітапханадағы анықтамалық материалдармен, алфавиттік каталогпен және мерзімді басылымдармен жұмыс істеу негіздерін меңгерді. Кітапханашылар ақпаратты тиімді іздеу, каталогпен жұмыс істеу және анықтамалық әдебиеттерді пайдалану жолдарын түсіндірді. Іс-шараның практикалық бөлімінде оқушылар алфавиттік каталогтан ақпарат іздеу, энциклопедияларды таңдау және мерзімді басылымдармен жұмыс істеу тапсырмаларын орындады. Олар тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, оқу барысында қажет болатын пайдалы дағдыларды үйренді. Іс-шара интерактивті форматта өтті, балалардың қызығушылығын тудырды және оларға білім көзі ретінде кітапхананың мүмкіндіктерін жақсы түсінуге көмектесті.