Бүгін, 6 қыркүйек күні, Павлодар қаласының № 2 балалар кітапханасында Отбасы күніне орай және «Кешкі кітапхана» облыстық жобасы аясында «Барлығы отбасынан басталады» атты диалог алаңы өткізілді. Іс-шараға № 25 ЖОББМ 6 «Б» сынып оқушылары қатысты. Отбасы институтын сақтау және нығайту мәселесі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі саналады.Отбасы құндылықтарын белсенді түрде насихаттау үшін берік шаңырақ құру ісіндегі өз тәжірибесін, балалары мен немерелеріне рухани-адамгершілік тәрбие беруге ықпал еткен өзіндік тәсілдерін ортаға салып іс-шарамызға Алтын тойын тойлаған, ұл мен қыз өсірген, немере-шөбере тәрбиелеген Естаева Сара апамыз қатысты. Балалар апаның, кітапханашының әңгімелері мұқият тыңдап, кездесудің соңында «Өз отбасыма тілек» жазып, бөлісті.