«Бақытты балалық шақ»

Биыл белгілі жерлесіміз, балалар ақыны Мүбәрак Жаманбалиновтың 100 жылдық мерейтойы. №43 орта мектептің мерекелік безендірілген акт залында балалар кітапханасының кітапханашылары ақынның мерейтойына арналған «Бақытты балалық шақ» әдеби-музыкалық сағатын өткізді. Іс-шараның қонақтары ақын, журналист Шолпан Байғалы және қоғам қайраткері, ақын Людмила Бевз болды.
Іс-шарада балалар ақынның өмірбаяны мен шығармашылығымен танысты. Ақын Мүбәрак Жаманбалиновқа өзінің таланты мен балалардың психологиясын көру және білу қабілеті үшін алғыс сөздерімен қонақтар Шолпан Байғалы мен Бевз Людмила Николаевна сөз сөйледі. Мүбарак Жаманбалиновтың шығармалары туған өлкеге деген сүйіспеншілікке, қоршаған әлемге деген құрметке тәрбиелейді. Іс-шарада №43 және №2 мектептердің 4 сынып оқушылары әртістік өнерін көрсетті. Олар табиғат туралы, ақынның балалар туралы мейірімді және күлкілі өлеңдерін оқыды, «Базарда» мысалын, «Айна алдында» өлеңін сахналады, №43 орта мектептің 2, 3, 6 сынып оқушылары «Қазақстан», «Қайырлы таң!» әндерді, «Келіншек» атты күйді орындады. Шараға кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды. Мүбарак Жаманбалинов жас оқырмандарға жарқын шығармашылық мұра қалдырды.

Комментарии запрещены.