1 маусым күні — Балаларды қорғау күніне арналып «Балауса бағым, балалық шағым!» фестивалі №126 балабақша тәрбиеленушілерімен өткізілді. Мереке барысында балалар ән айтып, би билеп, түрлі ойындар ойнап, сабын көпіршіктерін үрлеп, көңілдерін көтерді. Кітапханашылар балалармен ертегі кейіпкерлерінің шеруін ұйымдастырды. Алдар Көсе, Қоян, Түлкі, Қызыл телпек, Дәрігер Айболит т.б. ертегі кейіпкерлері қолдарына кітап ұстап шеруге қатысты.