27 қараша күні № 5 мектептің 7 «А» сынып оқушылары үшін жазушы Сапарғали Бегалиннің 130 жылдығына орай «Балалық шақ» әдеби сағат өткізілді. Балалар «Жазушының өмір жолы» әңгімесінен С. Бегалиннің әдебиет институттарын бітірмегеніне қарамастан, Қазақстандағы балалар әдебиетінің негізін қалаушы екенін білді. Абай сияқты ақын да жамандыққа қарсы күресті өзінің басты мақсаты деп санаған, бұл қасиет Сапарғали Бегалин шығармашылығына да тән болды. Бағдарлама барысында балалар «Балалар әдебиетінің көшбасшысы» бейнебаяны; «Жазушы шығармашылығы – балаларға» шолу-экскурсы; «Сапарғали Бегалин» әдеби хронографын тамашалады. Сонымен қатар, жазушының әңгімелерімен танысып, «Бұғылық», «Кірпі Есена» бейнебаяндарын көрді. Бегалиннің кітаптарындағы кейіпкерлер – батыл, епті, алғыр, көңілді әрі іскер балалар, шебер шабандоздар, мерген атқыштар, үздік шаңғышылар және жай ғана жақсы адамдар. Жазушы мол әдеби мұра қалдырды. Шара соңында С. И. Бегалин сөздеріне жазылған «Ақтамақ» әні орындалды.
























