18 маусымда жазғы демалыс кезінде № 15 мектеп жанындағы лагерь оқушылары үшін балалардың жолдағы қауіпсіз тәртіп ережелері туралы балалардың ойын қалыптастыру мақсатында «Бағдаршамда қонақта» ойын-танымдық бағдарламасы өткізілді. Кітапханашы балаларға Көшелер мен жолдар заңы – қатал болып келетіні туралы әңгімені бастады. Жаяу жүргінші көшеде ережелерді орындамай, өзі қалағанындай жүргенін кешірмейді. Бірақ, бұл заң басқа жағынан өте мейірімді: ол адамдарды қорқынышты жағдайлардан, бақытсыздықтардан құтқарып, өмірлерін сақтайды. Сондықтан ережелерді жақсы білу, көшеден сенімді өтуге мүмкіндік береді. Содан кейін балалардан Жол жүру ережесін білу не үшін керек? деген сұраққа жауап беруін сұрады. Бағдарламада: «Ия немесе Жоқ» бірлескен жаттығуы, «Жұмбақтар» сұрақ-жауабы, «Автомульти» конкурсы, «Мұқият жаяу жүргінші» блиц-сауалнамасы, «Рұқсат етіледі — Рұқсат етілмейді» ойыны, «Жол белгілері» виртуалды сұрақ-жауабы, «Көшені дұрыс өт» ойыны; виртуалды «Тест-сұрақтар» мен «Сөзді құрастыр» ойыны өтті. Іс — шара соңында барлығы «Дядя Стёпа — светофор» мультфильмін тамашалады.