2025 жылдың 10 ақпанында Ауғанстаннан Кенес әскерлерін шығарылған күніне орай дарынды балаларға арналған мектеп-лицейдің 9 сынып оқушылары арасында «Ауғанстан – естелік пен ерлік» атты ерлік сағаты өтті. Шара барысында кітапханашы балаларды Ауғанстандағы соғыстың тарихи оқиғаларымен таныстырды, сонымен қатар Павлодар облысының жерлестерінің интернационалдық борышын қалай ерлікпен және кәсіби түрде орындағаны туралы әңгімеледі. Кеңес әскерлерінің шығыны туралы деректі мәліметтер де оқылды. Шара барысында интернационалист-жауынгерлерді еске алып, өлеңдер оқылды.