15 ақпанда Кеңес әскерлерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 36 жыл толады. Осы күнге орай №43 мектептің 6 сынып оқушыларына атты еске алу сағаты өткізілді. Іс-шараға Ауған соғысының ардагері Қайрат Әбдірахманұлы Құдабаев шақырылды. Балалар Ауғанстандағы әскери қақтығыстың басталуы, әскери борышын батырлықпен атқарған әскери әрекеттердің қатысушылары, жерлестері туралы білді. Балалар қонаққа сұрақтар қойып, оның естеліктерін қызығушылықпен тыңдады. Қайрат Әбдірахманұлы оқушыларға алыстағы Ауғанстанда кеңес жауынгерлері адами қасиеттерді: батылдық, бірмінезділік, мейірімділік қалай көрсеткендерін, әскери ант, әскери және адами борышқа адалдықтарын қалай сақтағанын айтып берді. Іс-шарада Ауғанстан туралы өлеңдер мен әндер айтылды, барлық қатысушылар қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Кітап көрмесіне шолу жасалды.