Мақсаты: Ауған оқиғасының
тарихи мағыналық ақиқатын ашу. Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың
ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке
баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету
Іс шара көрнекілігі: Проектор, экран,
компьютер, слайдтар, мұражайдан ауған соғысының экспонаттары (рация, бас
киімдері, киім, хаттар, суреттер және т.б.) кітап көрмесі, мәңгілік от. және
т.б.
2018ж 9-ші ақпан күні №6 балалар
кітапхана қызметкерлері ауған соғысының ардагерлеріне арнап, «Ауған-жүректегі
жара» атты кездесу кешін ұйымдастырды. Кездесуге соғыс ардагерлері Дедаханов Рахимжан, Емельянов Сергей
Викторович және №5 ЖББмектебінің 8-ші сынып оқушылары шақырылды. Іс шара көрнекі түрде өткізігілгендіктен басқа балалар кітапханашылары
да қатысты.
Қонақтарды қарсы алып «Соғыс хроника»
атты бенеролик көрсетілді. Бейне барысында соғыс қай себебтен басталғаны, қалай
өтіп қалай аяқталғаны туралы айтылды. Сөз кезегі соғыс ардагерлеріне беріліп,
ардагерлермен сұхбат жасалды. Сұхбат барысында оқушылар да,тіпті мұғалім,
кітапханашылар да көптеген сұрақтар қойып қызықты әңгіме құрастырылды. Соғыс
туралы түрлі әңгімелермен қоса әңдер де айтылды. Кейін сарбаздардың аналарына,
туыстарына арналған хаттарынан үзінділер оқылды. Павлодар қаласындағы Ауған
соғысының жауынгерлеріне арналған ескерткіш тасы, №5 ЖББ мектебінеде
ұйымдастырылған мражай және қоғамдық қоры туралы айтылып өтті. Қайтып
оралмағандарды үнсіз минутамен еске алдық.
Ардагерлерді құттықтап мектеп
кітапханашысы Ешова Г.Ж. жылы лебізін білдірді. Ардагерлердің құрметіне
оқушылар да арнайы дайындаған мәнерлеп өлеңдер оқыды.
Сол
бір кезде қатерге бел буып, батырлықпен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп,
қаһармандық танытқан, өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған Ауған соғыс
ардагерлеріне кітапханашылар ризашылығын білдіріп кездесуден естелік ретінде
кішігірім сыйлық тарту етті. Қатысқан 29 адам