16 ақпан күні Павлодар ауылының көпшілік кітапханасы №40 ЖОМ-пен бірге «Ауған асуында от кешкендер» атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кешін өткізді. Ауған соғысы Кеңес Одағы кезіндегі қайғылы тарихи оқиғалардың бірі. Биыл ақпанның 15-і күні Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен толықтай шыққанына 30 жыл толды. Кездесуге өмірінің өлшеулі бір бөлігін, жалындаған жастық шағының жартысын оқ пен от арасында өткізіп, елге аман-есен оралып, туған жерімен қауышқан жерлестеріміз, интернациолист-жауынгерлер қатысты. Мектеп директоры Мәуленқұлов К.А. оқушыларға патриотизмнің озық үлгісін көрсетіп жүрген ауған соғысы ардагерлеріне өз тілегін айтып, мектеп әкімшілігінің атынан кішігірім сыйлық табыстады. Кездесу кеші ары қарай 10 а, 10 б сынып оқушылары достық туралы патриоттық өлеңдер оқылып ән шырқалды. Кітапханашылар «Ауған асуында от кешкендер» атты кітап көрмесі ұйымдастырып шолу өткізді.