Бүгін Орталық қалалық кітапханасының Олжас Сүлейменов атындағы оқу залында ҚР Конституциясы күніне орай «Ата Заң – елдіктің іргесі» атты құқықтық — диалог өтті.
Шараға Павлодар қаласының қалалық сотының судьялары Қайырбекова Гүлмира Бергенқызы және Тлеуғабылова Жұлдыз Жақсыбекқызы арнайы шақыртылды. Шараға келген сөз сөйлеушілер «Отбасылық сот» пилоттық жобасыа ясында неке-отбасы заңнамасы, ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері туралы айтып өтті.
Аталмыш шараға көрермен ретінде Павлодар қаласының Төтенше жағдай басқармасы, «Жасыл Ел» студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының Павлодарлық штабы қоғамдық қоры, сонымен қатар кітапхананың тұрақты оқырмандары да қатысты.
Шара барысында мектеп оқушылары Атазаң туралы өлең шумақтарын оқыды.
Шара соңында И. Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармония сының және Естай атындағы қалалық мәдениет сарайының әншісі, халықаралық конкурстардың лауреаты Жоламанов Бекен Сағындықұлы «Атамекен», Естайдың «Құсни Қорлан» әндерін шырқады.