«Астана – Отанымыздың жүрегі»

ОҚК «Астана – Отанымыздың жүрегі» атты саяхат сағаты өтті. Саяхат сағаты кітапханаға экскурсиядан басталды, кітапхананың құрылған күнінен бастап бүгінгі күнге дейінгі тарихы, кітапхананы пайдалану ережелері мен жұмыс режимі туралы айтылды. Ол Қазақстан тарихы бойынша, еліміздегі болған астаналарға тоқталып, виртуалды саяхатпен жалғасты. Мемлекетіміздің астанасы Ақмола қаласы деп жарияланғанға дейін және оның Астана деп аталынуы мен қатар Астана қаласының көрікті жерлері бойынша слайдтарды көру арқылы балалардың қызығушылығы артты. Ал елордаға барған балалар өз әсерлерімен бөлісті және сапар соңында кітапхана қорындағы журналдар мен кітаптарды оқумен аяқталды.

 

Комментарии запрещены.