Астана күніне арналған ақпарат сағаты

4 шілдеде №6 балалар кітапханасының оқу залында «Белгілі тұрғылықты жері жоқ балалы аналарды әлеуметтік-психологиялық бейімдеу және оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі балалар мен олардың аналарына Астана күніне арналған ақпарат сағаты өткізілді. Шараны жүргізген кітапханашылар  Айнагүл Рамазановна  Магзумов мен Нағима Бекболатовна Ақшолақова жиналғандарды құттықтап, қарсы алды.

Астана туралы бейнебаян көрсетіле отырып, Қазақстанның тәуелсіздікке қалай қол жеткізгені, Астананың Елорда болып қалыптасуының тарихы және оның әлемдегі абыройы туралы әңгіме қозғалды. Осы тақырыпта өткізілген викторина балалардың Отан тарихынан білетіндерін толықтыра түсті. Сонымен бірге ойын түріндегі туған жер туралы мақал-мәтелдерді еске түсіру шарасы ұйымдас-тырылып, Елбасының ұнатқан әндері тыңдалды. Кітап көрмесіне шолу жасалды. 8 адам қатысты.

Комментарии запрещены.