«Астана – біздің мақтанышымыз және прогрестің нышаны»

Астана күнін мерекелеу аясында 2 шілде күні № 3 көпшілік кітапхана еңбек отрядтың балаларымен «Астана – біздің мақтанышымыз және прогрестің нышаны» атты әдеби вернисаж өткізді. Іс-шараның мақсаты: балаларды елорданың тарихи өткенімен және көрікті жерлерімен таныстыру, патриотизмге, өз Отанына деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу. «Астана – арман қала» кітап көрмесінде Астананың тарихы, өткені, бүгіні мен болашағы, елорда дамуының экономикалық, мәдени және әлеуметтік аспектілері туралы әдебиеттер ұсынылған. Астана туралы өлеңдер айтылды. Кішкентай оқырмадарға «Туған күніңмен, Астана!» сурет салу үшін бұрыш ұйымдастырылды.

 

Комментарии запрещены.