«Асфальттағы жаз»

2025 жылдың 12 маусымында «Ашық аспан астындағы кітапхана» мәдени-ағартушылық жобасы аясында №3 және №4 көпшілік кітапханалары «Асфальттағы жаз» атты сурет фестивалін ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – кітапхана мен оқырмандар арасындағы байланысты нығайту, кітап пен оқуды насихаттау, балалар үшін қызықты, мазмұнды жазғы демалыс ұйымдастыру. Фестивальге №18 және №33 мектеп жанындағы жазғы лагерьлердің балалары, олардың ата-аналары мен аудан тұрғындары қатысты. Іс-шараның құрметті қонағы – ақын, жазушы Людмила Бевз балаларға арналған өлеңдерін оқып, жас қатысушылармен әңгімелесіп, оларды шығармашылыққа және кітап оқуға шабыттандырды. «Кітаптар әлеміндегі жазғы саяхат» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Фестивальдің негізгі бөлімі – асфальттағы сурет байқауы болды. Қатысушыларға келесі тақырыптар ұсынылды: «Менің жарқын жазым», «Табиғатты сақтайық», «Ертегілер елі», «Кітап – менің досым». Балалар өздерінің қиялдары мен шығармашылықтарын көрсете отырып, түрлі-түсті суреттермен кітапхана ауласын көркемдеді. Байқаудан бөлек, қимылды ойындар мен көңілді эстафеталар ұйымдастырылды. Мерекелік көңіл-күйге музыкалық сүйемелдеу де әсер етті. Іс-шара соңында барлық қатысушыларға алғыс хаттар, естелік сыйлықтар мен тәттілер табыс етілді. Ең белсенді әрі креативті қатысушылар ерекше аталып өтті. «Асфальттағы жаз» фестивалі балалар үшін нағыз шығармашылық пен мейірімділік мерекесіне айналды.

Комментарии запрещены.