«Әртүрлі жылдар өлеңдері»

22 қазан күні № 5 орта мектептің 7 «Г» сынып оқушылары үшін «Әртүрлі жылдар өлеңдері» әдеби сағат өткізілді. Іс-шараның мақсаты – павлодарлық ақын Ю.А. Мостовойдың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Іс-шараның қонақтары: ақын Юрий Алексеевич Мостовой және П. Васильевтің үй-музейінің сақтаушысы Татьяна Сергеевна Корешкова. Әңгіме барысында оқушылар біздің арамызда ерекше дарын иелері – жүректеріндегі сезім мен ойды, жан дүниесіндегі терең толғаныстарды тек өздері үшін ғана емес, айналасындағы жандармен де шынайы бөлісе алатын адамдар өмір сүретінін түсінді. Мұндай жандардың шығармашылығы өзгелердің жанын тербеп, рухани байытатыны анық. Олар әлемдік деңгейде танымал болмағанымен, жүрекке жететін, жанды тербететін өлеңдер жазды. Осындай жандардың бірі – Павлодар қаласында 60 жылдан астам өмір сүріп келе жатқан ақын Юрий Алексеевич Мостовой. Бағдарламада: «Ақынның өмір жолы» атты әңгіме; «Балалық шақтан», «Балық аулауда», «Жүрек астанасы» және басқа да өлеңдерді оқу; П. Васильев атындағы үй-музейдің сақтаушысы Т. С. Корешкованың сөзі; Ақын Ю. А. Мостовойдың сөзі; «Мостовой ақынның әр жылдардағы өлеңдері» атты виртуалды көрмені тамашалау.

Комментарии запрещены.